Енді «Қазақстанның халық әртісі» иегерлеріне екі есе үстемақы алады, деп хабарлайды Newsroom.kz.
Барлық өнер адамының арманы "халық әртісі" атану. Өнерлі жандардың өмір бойы еңбегінің жемісі десек те болады. Өнерге де сүйіспеншілігі, өмір сүру сатысындағы жетістіктерінің марапаты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биылдан бастап «Қазақстанның халық әртісі» атағы қайта берілетін болды. Бұл атақ 1999 жылдан бастап тоқтап қалған еді. Қайтадан жаңғырған Құрметті атақпен еліміздің мәдениет қайраткерлері Республика күні қарсанында марапатталатын болады. Құрметті атақ еліміздің театр, цирк, музыка және кино өнерін дамытуға ерекше үлес қосқан, осыған дейін «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» немесе «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болған мәдениет қызметкерлеріне беріледі. Екінші қуанышты жаңалық "ҚР Халық әртісі" құрметті атағына ие мәдениет қызметкерлеріне лауазымдық еңбекақының 100% мөлшерінде үстемеақы төленеді. Қаулы жобасы Үкімет отырысында бекітілді. Естеріңізге сала кетсек, Бүгінгі күні елімізде 49 өнер қайраткері «Халық әртісі» атағына ие. Оның 37-і мемлекеттік мәдениет мекемелерінде қызмет істейді.