Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов астаналықтардың шіркеудің орнына мектеп салуды талап еткен шағымы бойынша сұраққа жауап берді, деп Newsroom.kz хабарлайды іnbusiness.kz ақпаратына сүйене отырып.
Фото: primeminister.kz
"Сіз айтып отырған көше жақта бірнеше мектеп салынып жатыр. "Жайлы мектеп" жобасы бойынша және әкімдіктің өзінің республикалық және жергілікті бюджеттен қаражат бойынша 24 мектеп салынады. Одан бөлек қазір 11 мектеп салынады. Бас жоспарға сәйкес, әр ауданда мектеп қажет жерде салынады",– деп сендіргісі келді Көлгінов.
"Діни басқармаға хабарласу керек. Солардың келісімімен болады. Екінші жыл болды – Бас жоспардың екінші жобасы әзірленуде. Халық санының артуына байланысты қазір Бас жоспар өзгереді. Ең бірінші кезекте, әлеуметтік нысандар қажеттілігі ескеріледі",– деді қысқаша ол.
Еске сала кетсек, Елорданың Есіл ауданындағы Е32 көшесінің (шартты атауы) тұрғындары мектеп пен балабақша жетпей жатқан уақытта үйлерінің маңына даңғарадай шіркеудің салынғалы жатқанына наразы.
Бұрын көпқабатты үйді сатқан компаниялар оларға сол үйлердің маңына мектеп те, балабақша да салынатынын айтып сендірген. Алайда аяқ астынан шіркеудің салынатынын олар таяуда біліп отыр.
Көше тұрғындары ол аумаққа не үшін шіркеу салынғалы жатқанын түсінбей дал. Маңайда орыстар аз екенін айтады. Олар күні ертең салынған күннің өзінде шіркеудің бос тұратынын айтады.