Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
12 сәуір, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Өскеменде мектеп оқушылары қызды соққыға жыққан

Өскеменде мектеп оқушылары қызды соққыға жыққан

Өскеменде мектеп оқушылары қызды соққыға жыққан
ашық дереккөзі

Оқушы қыздардың бірі бұған дейін де бұзақылық жасап, тіркеуге тұрған.

Жуырда әлеуметтік желіде Өскемендегі сауда үйлерінің біріндегі әжетханада қыздардың төбелесі туралы видео тараған болатын. Бейне жазбада қыздардың бірі қызды соққының астына алған, деп newsroom.kz хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
видео тарап кетті.  Бейәдеп сөйлеген оқушы қыздар әуелі қаладағы гараждардың арасында кездесіп, бір қызды соққыға жыққан. Енді бірі өрбіген оқиғаны бейнетаспаға жазып алып жүрген. Кейін қаладағы сауда үйлерінің біріндегі әжетханада төбелес тағы қайталанады. Видеоға қарасаңыз жәбірленуші қыз ешқандай қарсылық танытпаған. Соған қарағанда бұл оқиға бірінші рет емес сияқты. Ең сорақысы, соққыға жыққан 9 сыныптың оқушысы құлап жатқан қызды шешінуге мәжбүрлеген. Айтқанына көндірген соң, қатігездекпен тепкінің астына алған. Ресми мәліметтерге сүйенсек, күдікке ілінген қыздардың бірі Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейінде оқыса, енді бірі қаладағы №5 мектептің оқушысы.
- Аталған оқиға 1-2 наурыз күндері орын алған. Факт ҚР ҚК 293-бабының 2- бөлігі бойынша Өскемен қалалық Ертіс полиция бөлімшесінде тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеуге байланысты өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желіде тараған бейресми жазбаларда шек жоқ. Олардың қаншалықты рас екеніне көз жеткізу қиын. Өскемен қалалық білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагөзованың айтуынша, әлеуметтік желіде жазылғандай, күдікке ілінген бір қыздың анасы білім бөлімінде қызмет еткені рас. Орын алған оқиғаға байланысты ол жұмыстан шығарылғаны шындық.
- Факт орын алды. Онымен құзырлы органдар айналысып жатыр. Біздің тараптан жүргізіліп жатқан жұмыстарды айта кетсем, ол мектептегі оқушылар мектепішілік қатаң бақылауда. Құқық қорғау органдары шешім шығарғанға дейін ол оқушылар әлі мектепте, білімдерін алып жатыр. Жалпы қала бойынша профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Ата-аналармен де кездесулер өткіздік, - дейді Сәуле Алагөзова.
Білім бөлімі басшысының айтуынша, №44, №5 мектептің және колледж оқушыларының осы оқиғаға қатыстары бар. Оқушы қыздардың бірі бұған дейін де бұзақылық жасап, тіркеуге тұрған екен. Ал басқаларының үстінен осыған дейін арыз-шағым түспеген. - Бұзақылық жасаған оқушымыздың әкесі мемлекеттік мекемелердің бірінде күзетші, ал анасы бізде кадр бөлімінде қызмет істеген. Қазір ол осы жағдайға байланысты қызметінен босатылды, - деп, Өскемен қалалық білім бөлімінің басшысы Сәуле Бауыржанқызы ашық ақпарат берді. Қазіргі таңда кәмелет жасқа толмаған оқушылармен психолог мамандар жұмыс жүргізіп жатыр. Қылмыстық істің соңы қалай аяқталарын, сот шешеді. Иә, тергеу амалдары аяқталған соң әділдігін сот айтады. Әзірше оқушылар білімдерін жалғастырып жатыр. Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп директоры Жаңыл Назарбаеваның сөзінше, бұзақылық жасап, күдікке ілінген қыз бала аталған мектепте 1 сыныптан бастап оқиды.
- Ол қызымыз волейболға қатысады. Оқу үлгерімі жақсы. Қалалық, облыстық сайыстардан жүлделі орындар алған. Бұл мінезін бірде-бір рет байқамаған екенбіз. Оқиғаны ести сала, мектепішілік есепке қойдық. Онымен әлеуметтік педагог, психолог, тәрбие ісінің меңгерушілері жұмыс істеп отыр. Ал оқиға сабақтан тыс уақытта орын алған. Қазір мұндай бұзақылық орын алмауы үшін профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Дәл қазір оқудан шығарып жібере алмаймыз. 9 сынып бітірген соң қоя береміз. Мүмкін оған дейін сот шешімі шығып, жағдай өзгере жатар. Ең бастысы, сот әділ шешім шығарсын, - дейді №44 мектептің директоры Жаңыл Назарбаева. Қарапайым мектеп оқитын қыздар арасындағы қатігездікке қала тұрғындары мен желі қолданушылары үлкен алаңдаушылық білдіріп отыр. Бәрінің талабы – әділдік. Себебі жасөспірімдер арасындағы бұндай бассыздыққа ерте бастан тиым болмаса, жағдайдың қайталануы әбіден мүмкін.
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz

Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz

Сертификат

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Портал жаңалықтары 18 жастан асқан оқырмандар назарына.

Контакты
  • Мекен-жай Astana, Kazakhstan
  • Телефон +77057218114
  • e-mail info@newsroom.kz
Әлеуметтік желілер:
facebook twitter telegram instagram youtube
Яндекс.Метрика

2024 © Барлық құқық қорғалған