Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
12 сәуір, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Айгүл Иманбаева қазіргі күйеуі туралы айтты

Айгүл Иманбаева қазіргі күйеуі туралы айтты

Айгүл Иманбаева қазіргі күйеуі туралы айтты
ашық дереккөзі
Белігілі әнші Айгүл Иманбаева жеке өмірінде жақсы жаңалықтың бар екенін жасырып қалмады. Бұл туралы ол “Ұйқым келмейді” бағдарламасында айтты деп newsroom.kz хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. “Менің осыдан сегіз жыл бұрын берген крнцертім “Сен ғана…” деп аталады. Жақында Алматыда өткен концертім “Мен…” болса, енді Лондоннан күйеуіммен қайтып оралғанда «Біз» деген концерт беремін. Әнші сүйіктісі туралы ашылып айтудан бас тартты. Алайда сөз арасында өнер иесін күйеуі сұхбаттарға апарып жүргені белгілі болды. Жақында әнші жоспардан тыс болғалы жатқан ән кеші жайлы жазба жариялады. Желіге орамалмен түскен суретін жүктеген ол тыңдарманын қызықтырып қойды. “Кеш жарық достар! Қалдарыңыз қалай? Оразаларыңыз қабыл болсын. 14-наурыз Алматы қаласында жеке концертімді беріп, енді Лондонға оқуға кеткенше (Келін болғанша, келін алғанша)уақытым бар болған соң, Астана қаласында да “МЕН…” атты концертімді берсем деген шешімге келдім”, – деп жазды өнер жұлдызы.