Астанада Жаңаөзен мұнайшылары Энергетика министрлігінің алдында наразылық білдіруде, деп хабарлайды
newsroom.kz.
Бұған дейін олардың 700 мың теңге айлыққа көнбей отырғаны жөнінде ақпарат тараған еді. Алайда мұнайшылардың өзі мұны жоққа шығарады. Бар алатын жалақысы 300, 400 мыңның көлемі. Жекеменшік мұнай зауыттарының еңбекақысын уақытылы бермей, әр жекеменшік зауыттарға ауыстыратынын айтып шағымданған еді.
Бір тәуліктен кейін жақында сайланған депутаттар мұнайшылармен келіссөзге шықты. Олардан мәселенің шешілуіне көмектеседі деген жұрт көңіл көншітерлік әңгіме естімеді. Елдің жоғын жоқтап, үкіметті сыбап-сынайтын мәжіліс депутаты Ринат Зайытов "мәселенің кабинетте шешілетінін" айтты. Ал Ермұрат Бапи "біз ерте келгенде шаруа шешіліп кетер ме еді?" десе, экс журналист Мақсат Толықбай "мен де сіздер сияқты болғанмын" деп халыққа басу емес, ашуын тудырған сыңайлы.
Күннің суығында 100 ге жуық мұнайшылар өз талаптарын үкіметтегілерге жеткізе алмауда.
Жұмысшылардың бар талабы тұрақты жұмыс орнында қызмет атқару. Жаңаөзендіктердің бұл мәселелері жылдар бойы көтеріліп келе жатыр.
Еске салсақ, кеше Жаңаөзендегі «БерӘлі Маңғыстау Company» мекемесінен жұмыстан қысқарған.
Олардың бәрі «Өзенмұнайгаз» компаниясынан жұмыс талап етеді. Жұмыссыз қалған жаңаөзендіктер мәселеміз шешілмей министрлік алдынан кетпейтінін айтады.