Жалғыз факт болды: допингке тексеріліп, жүкті болған Нора туралы Федерация не дейді?

Жалғыз факт болды: допингке тексеріліп, жүкті болған Нора туралы Федерация не дейді?

ашық дереккөзі

  Қай спорт түрі болмасын жалпы шетелдік спортшыларға жағдай жасап, додаға салып жатқан елдер әлемде жеткілікті. Кениялық желаяқтарға азаматтық беріп, Халықаралық жарыстарға қатыстыруды ең бірінші Қазақстан бастап отырған жоқ. Осыдан бірнеше жыл бұрын Кенияның бес спортшысы еліміздің азаматтағын алған еді. Африкадан келген желаяқтардың ел қоржынына талай медаль салатынына сенімді болдық... Өткен жылы Кениядан келген сол спортшылардың бірі, жеңіл атлет Нора Джеруто АҚШ-та өткен әлем чемпионатында 3000 метрге кедергі бағандар арқылы жүгіруде Әлем чемпионы атанған еді. Бүгінгі таңда 28 жастағы Кения тумасы Қазақстан азаматшасы. Алтынға ырзамыз-ау. Көңілге қаяу түсеретіні өз елімізден бір жеңіл атлеттің шықпағаны жанды ауыртады... Күні кеше ғана белгілі спорт журналисі Аслан Қаженовтің жазбасына сүйенсек, Нораның аяғы ауыр екені туралы жаңалық тарады. Бұл дегеніміз желге ұшқан қыруар қаржы мен бос қоржындар, жарыстар жайына қалады деген сөз. Көкейде жүрген осы және өзге сұрақтармен newsroom.kz порталы ҚР жеңіл атлетика федерациясының өкілі Павел Кукинге хабарласқан еді. Одан әргі әңгіме былай өрбіді.

- Нора Джеруто Тануи допингке дейін мемлекеттен алған ақшаларын қайтара ма? -Тергеу әлі жүргізілуде және түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Кінәні мойындаған жағдайда ақша қаражатын қайтару мәселесі заңнамада және спортшының еңбек шартында белгіленген міндеттемелер шеңберінде шешілетін болады. - Білуімізше спортшының аяғы ауыр екен, Қазақстан заңнамасына сай декрет рәсімделе ме? Айына қанша шығады, жөргекпұлын мәселен Кенияда тұрса да ала-алама? - Декреттік демалыс жұмыс орнымен тағайындалады. - Жасырын болмаса, спортшының жалақысы қанша? - Бізде бұл ақпарат жоқ, ол федерация штатында емес. Біздің қызметкер емес. - Спортшылардың жеке өмірлеріне қатысты келісім-шарт жасалмай ма, жетістікке жеткенше тұрмыс құрмау, тумау, той-құдалыққа бармау т.б. - Федерацияда спортшының еңбек шарттарында белгіленген шарттар туралы ақпарат жоқ, өйткені ол Федерацияның қызметкері емес. - Биыл еліміз қанша легионер әкелді? Өзімізде жүгіретін жастар жоқ па? - Жеңіл атлетикада легионерлерді үнемі тарту мүмкін емес. Кениядан келген жеңіл атлеттер тобы көп жылдық ынтымақтастық барысында Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы шешім қабылдады. Бұл отандық жеңіл атлетика тарихындағы жалғыз факт болды.
Сұхбатыңызға рақмет! Материалды әзірлеген Меруерт АМАНГЕЛДІ

Жүктелуде...