Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
8 сәуір, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Айгүл Орынбек «Халыққа пайдалы заң шығармасаңдар, орындарыңды босатыңдар»

Айгүл Орынбек "Халыққа пайдалы заң шығармасаңдар, орындарыңды босатыңдар"

Айгүл Орынбек «Халыққа пайдалы заң шығармасаңдар, орындарыңды босатыңдар»
ашық дереккөзі
  Белгілі заңгер Айгүл Орынбек депутат Қарақат Әбденнің қоғамдағы әйелдердің мәселесінен бейхабар екенін айтып, халықтың пайдасына тиетін мәселелерді көтеруін, әйтпесе мандатын тапсыруды талап етті, деп хабарлайды newsroom.kz. Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік парақшасында жариялады. "Шет елге тұрмысқа шығатындарға емес, әйелдерді өлтіріп, ұратындарға заң шығарып қатырып алыңдаршы. Қоғамдағы әйелдердің мәселесінен бейхабар адамның пікірі осындай болады. Қалайша бұндай кісі Президенттікке үміткер болды екен? Ауыл-аймаққа келіп, тұрмыстық зорлық көріп жүрген әйелдердің әңгімесін тыңдап көрсе, бұлай демес еді. Елімізде бір жылдың ішінде 400-ге жуық әйел көз жұматынын біле ме? Әлде Парламент төрі ойына келгенді айтып кететін жер деп отыр ма? Депутаттардың бәріне ескерту! Халықтың пайдасына, еліміздің болашағына тиісті заңдарды қабылдай алмайтын болсаңдар, әр бәлені сандырақтамай мандаттарыңды тапсырыңдар! Тағы бес жыл сендердің цирк қойылымдарыңды көріп отыруға уақыт жоқ",-деп жазды ол. Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын құқық қорғаушы Дина Таңсәрінің Қарақат Әбденнің депутат құқығынан айыру туралы сұраған еді. Ол Мәжіліс депутатының шетелдіктермен некеге тұруға салық енгізу туралы мәлімдемесі үшін мандатын қайтарып алуды талап еткен еді.