Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
8 сәуір, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Кредит қысып барады! Банкке қарыз адамдар көбейген

Кредит қысып барады! Банкке қарыз адамдар көбейген

Кредит қысып барады! Банкке қарыз адамдар көбейген
ашық дереккөзі
  Қазақстандықтар банктерге 370 млрд теңгеден астам қарыз болды, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі Lsm.kz-ке сілтеме жасап. Ұлттық банктің мәліметінше, 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің жалпы көлемі 723,5 млрд теңгені құрады. Ал 2022 жылдың осы кезеңінде ол 619 млрд теңгеден асты. Осылайша, банктік қарыздар бойынша мерзімі өткен сома 16,7% - ға немесе 104 млрд теңгеге ұлғайды. Жеке тұлғаларға 723,5 млрд теңгенің 370,6 млрд теңгесі, жеке кәсіпкерлерді қоса алғанда заңды тұлғаларға – 352,9 млрд теңгесі тиесілі. Негізінен мерзімі өткен қарыздар ұлттық валютада ресімделген. Егер жеке тұлғаларды қарастыратын болсақ, онда банктерге ең көп қарыздар Алматыда – 160,7 млрд теңге, Шымкентте – 31,5 млрд теңге, Астанада – 29,9 млрд теңге болды. Ең азы Ұлытауда-2,5 млрд теңге, СҚО – да-3,5 млрд теңге.