Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда балалар арасында қызылшамен ауырғандардың көбеюіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды newsroom.kz. Мәжіліс отырысының аясында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Қазақстанда қызылша ауруының 100 жағдайы расталғанын айтты, деп хабарлайды
newsroom.kz.
"Бүгінгі таңда балалар арасында қызылша ауруын жұқтырғандардың өсуі байқалады. Бұл балаларға ауа арқылы жұғатын инфекциялы ауру. Алғашқы жағдайлар: Түркиядан, Ресей Федерациясынан, Египеттен келген туристтер әкелгені анықталды. Олар өз балаларына жұқтырып, ауыра бастады.
Негізінен бұл ауруға қарсы иммунитеті жоқ, вакцинацияланбаған балалар ауырады. Қазір вакцинацияланбаған балаларға екпе жүргізу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Мұндай жұқпалы балалардың ауруын анықтау және оқшаулау бойынша жұмыстар жүргізілуде", - деді Ажар Ғиният.
Министр мектептерде карантин болмайды деп мәлімдеді. Қызылшаның өршуіне байланысты мектеп оқушылары үшін қатаң шектеу көрсеткіштері жоқ.
Естеріңізге сала кетсек, бір ай бұрын Денсаулық сақтау вице - министрі-ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова еліміздегі қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайдың асқынғанын мәлімдеген болатын.