UFC-дің қатарына тағы бір қазақ файтері қосылды

UFC-дің қатарына тағы бір қазақ файтері қосылды

ашық дереккөзі

Қазақ спортшысы, Азат Мақсұм әлемдегі ең танымал лига  UFC-мен келісімшартқа отырды, деп Newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сүйене отырып. Отандасымыз UFC-ге Octagon лигасынан ауысып барды. Ол бұл лигада жеңіл салмақта чемпион атанған. Азат спорттық карьерасын джиу-джитсу мен еркін күрестен бастаған.2017 жылы Zhekpe Zhek лигасында өнер көрсетті. Ал 2019 жылы Алматыда OCTAGON лигасында бақы сынай бастады. Бұған дейін Асу Алмабаев та осы лиганың қатарына қосылған. Қазақ  спортшыларынан ең үздік көрсеткіш  Шавкат Рахмоновқа тиесілі. Азат енді 57 келіге дейін салмақта бақ сынайды. Бұл салмақта отандастарымыз арасынан алғаш Жалғас Жұмағұлов болған. Сонымен  UFC-де қазақ спортшыларынан Асу Алмабаев, Дамир Исмағұлов, Шавхат Рахмонов, Жалғас Жұмағұлов, Азат Мақсым, Сергей Морозов, Мария Агапова бар. Одан бөлек, Қытайдағы екі қандасымыз Сайран Нұрданбет пен Қайсар Мақсат өнер көрсетіп жүр.

Жүктелуде...