Елімізде неке сақинасы күрт қымбатаған

Елімізде неке сақинасы күрт қымбатаған

ашық дереккөзі

2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында зергерлік бұйымдар мен ұқсас бұйымдар өндірісі 212 млн теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ақшалай түрде 6,3% көп, деп хабарлайды newsroom.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап. Жалпы, былтыр зергерлік және ұқсас бұйымдар өндірісі 1,4 млрд теңгені құрады, ал 2021 жылы 1,3 млрд теңге болған. Яғни 4,4% артық. Соеымен қатар биыл зергерлік бұйымдар мен сағаттардың бағасы бір жыл ішінде 33,2% өсті. Мәліметтерге сүйенсек, бір жыл бұрын өсім небәрі 6,2% болған. Осы тұста ерекше айтса кетсек, неке сақиналарына сұраныс артқан. Былтыр 35,6% қымбаттаса, бір жыл бұрын өсім 5,7% өскен. Бағаның айтарлықтай өсуі Солтүстік Қазақстан облысында 71,6% артқаны байқалған. Жетісу 61,7%, Алматы облысы 60,1% артқан.Алматы, Астана, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында 1,5 есеге жуық қымбаттады. Ең аз қымбаттаған өңірлер Ақтөбе 3,7%, Атырау 6,9% және Батыс Қазақстан 10,7% облыстары болыпты.

Жүктелуде...