Базардағы қасапшыны көшеде өлтіріп кеткен

Базардағы қасапшыны көшеде өлтіріп кеткен

ашық дереккөзі

Түркістан қаласында базарда қасапшы болып істейтін ер кісі көз жұмды. Оны көше қиылыстарының бірінде белгісіз біреу пышақтап кеткен, деп Newsroom.kz хабарлайды Opennews.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Түркістан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел жәрдем қызметіндегілер пышақ жарақаты бар ер адамның мәйіті анықталғаны туралы хабарлаған.

«Марқұм болған адамның базарда қасапшы болып жұмыс істеген жергілікті тұрғын екені анықталды. Ауыр қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары куәгерлерден жауап алып, барлық полиция бекеттеріне хабарлады. Күдікті сол түні ұсталды,» - деді облыстық Полиция департаменті қызметкерлері.

Күдікті — Түркістан қаласының тұрғыны. Жас жігіт өз кінәсін мойындап отыр. Заттай дәлел ретінде ас үй пышағы алынған. Алдын ала мәліметтер бойынша, екі ер адам арасында мал етін кесуге қатысты жанжал туындаған. Жәбірленуші пышақталып, күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

Фото: ru.sputnik.kz

Жүктелуде...