Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
4 сәуір, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан облысында шығармашылық үйірмелер мен спорттық секциялар көбейеді

Түркістан облысында шығармашылық үйірмелер мен спорттық секциялар көбейеді

Түркістан облысында  шығармашылық үйірмелер мен спорттық секциялар көбейеді
ашық дереккөзі

Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында «Artsport» бағдарламасының қандай деңгейде жүргізіліп жатқаны, сондай-ақ кедергілер мен нақты проблемалар туралы айтылды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Былтыр 1 жылдың ішінде 100-ге жуық кәсіпкер алаяқтықпен айла асыруды діттеген. Бірақ басқармаларда құрылған арнайы мониторингтік топтардың зерделеуінің нәтижесінде шара көріліп, 26 кәсіпкермен келісім тоқтатылған. Осылайша өз мақсатында жұмсалмаған 28 млн. теңге бюджетке қайтарылды. Мәселен artsport.kz плафтормасына мүгедек ретінде жалған құжаттарды тіркеп, төлемақы алып келгендері белгілі болған. Балалардың ЖСН-ін қате енгізу деректері де анықталған.

 width=

Сонымен қатар облыс басшысы мұндай бақылауларды одан әрі күшейтуді, бейнебақылау мен бейнетіркеуді енгізуді, келісімшарт талаптарын қайта қарауды қадағалауды тапсырды.

Карточкалық жүйе, face ID, QR жүйелерін қосу арқылы балалардың секцияға қатысқан не қатыспағанын анықтауға болады. Мұндай шаралар заңсыздықтарды төмендетуге септігін тигізетінін алға тартты.

 width=

«Artsport» бағдарламасының тиімділігі туралы қоғамда жиі айтылып келеді. Дегенмен, бағдарлама ең әуелі тұрмыстық қиын жағдайға тап болған және көпбалалы отбасылар үшін қолжетімді болуы тиіс. Әзірге бағдарлама 12 аудан, қаланы қамтып тұр. Ендігі кезекте оқушысы көп аймақтарға әсіресе ауылдарға көңіл бөліп, жаңа үйірмелер ашуға ұмтылушыларға қолдау білдіруді көздеп отырмыз,-дейді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев.

Түркістан облысында осы жылы жалпы 30 мыңдай баланы шығармашылық үйірмелер және спорттық секцияларға қатыстыру жоспарлануда. Оның 15 мыңнан астамы өнер бойынша үйірмелермен қамтылса, 14 мыңнан астам бала спортпен шұғылдануға мүмкіндік алады. Өңірде бұл бағытта мемлекеттік тапсырыстарды іске асыруға 4,6 млрд. теңге бөлінді. Өткен жылмен салыстырғанда қаржы едәуір көлемі артып, қолдау тапты. Балалар спорттың 20 түрімен жаттықса, 43 түрлі мәдени шығармашылық үйірмеде дәріс алуға жағдай жасалуда.

Фото: Facebook/Бейсен Тәжібаев