Ташкентте 27 жастағы әйел мен үш кішкентай баласымен 9 қабаттан секіріп, қайтыс болды, деп Newsroom.kz хабарлайды.
Өзбекістанның Бас прокуратурасы болған оқиғаның себебін анықтауда.
Қайғылы оқиға 3 сәуірде сағат 19:20-да Ташкенттің Сіргелі ауданының 8-ші кварталындағы үйлердің бірінде болған. Бұл туралы UzNews.uz Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды деп жазады newsroom.k.
9-қабатта тұратын 1996 жылы туған азаматша Д. А. 2018 және 2019 ұлдарын жатын бөлменің терезесінен кезек-кезек лақтырған. Одан кейін бір жасар қызымен терезеден өзі секірген.
Алған жарақаттарының нәтижесінде төртеуі де оқиға орнында қайтыс болды.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.