Астанада Қайрат Боранбаевқа үкім шықты. Бұған дейінгі сот отырысында прокурор Боранбаевты 8 жылға соттауды сұраған,- деп Newsroom.kz хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Сот шешімімен бизнесмен Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталды. Оған қоса, мүлкі тәркіленеді.
Еске сала кетейік, Қайрат Боранбаевтың ісі сотта былтыр желтоқсаннан бастап қарала бастады. Тергеу нұсқасы бойынша, 2019 жылы Қайрат Боранбаев, Роман Наханов, Тайыр Жанұзақ пен Ибулла Серді өздерінің бақылауындағы «АзияГаз Чунджа» ЖШС арқылы Qazaq Gaz ұлттық компаниясынан (бұрынғы ҚазТрансГаз) газ тасымалдау кезінде қаражат жымқырған. Істе прокурорлар жымқырылған сома көлемі 14,5 млрд теңге екенін айтады.
Сот отырыстарының біріне Қайрат Боранбаевты қолдауға Мәскеуден МУЗ-ТВ басшысы Арман Дәулетияров, Алматыдан әншілер Байғали Серкебаев пен Нағима Есқалиева келген. Танымал куәгерлер соттан Боранбаевқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгертуді, оны қамаудан үйқамаққа жіберуді өтініп, керек болса ол үшін кепіл бола алатындарын айтқан болатын.
Фото: Azattyq-ruhy.kz