Биыл 22 наурызында Дүниежүзілік су күнінде БҰҰ-ның 2023 жылғы су конференциясында Еуропалық аймақ елдері Сумен жабдықтау, санитария және гигиена саласында (ССГ, немесе Protocol tools to build safe and climate-resilient water, sanitation and hygiene, WASH) қауіпсіз және климатқа төзімді қызметтерді құру үшін хаттама құралдарын пайдалану тәжірибесімен бөлісті, деп Newsroom.kz хабарлайды Ranking.kz дереккөздеріне сүйене отырып.
ДСҰ және БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) барлық елдерді барлық адамдардың WASH қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша күш-жігерін түбегейлі күшейтуге шақырды және тек Еуропалық аймақта 16 млн-ға жуық адамның әлі де қарапайым ауыз суға қол жеткізе алмайтынын, 29 млн адамның санитарияның негізгі қызметтеріне қол жеткізе алмай отырғанын еске салды. Бұл қызметтерді қамту тарифтері географиялық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлардағы айырмашылықтарға байланысты елдер арасында айтарлықтай өзгереді.
Фото: Norma.uz