Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 наурыз, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістанда ауыл мектептеріне 71 жаңа автобус тапсырылды

Түркістанда ауыл мектептеріне 71 жаңа автобус тапсырылды

Түркістанда ауыл мектептеріне 71 жаңа автобус тапсырылды
ашық дереккөзі
Наурыз мерекесін атап өту жөніндегі онкүндік аясында Түркістанда ауыл мектептеріне арнайы 71 жаңа автобустардың кілтін облыс әкімі Дархан Сатыбалды тапсырды, деп Newsroom.kz хабарлайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға жан-жақты жағдай жасау, алаңсыз білім алуына қолдау көрсету жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған орай, Наурыз мерекесін атап өту жөніндегі онкүндік аясында Түркістанда ауыл мектептеріне арнайы 71 автобус беріліп отыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жаңа автобустардың кілтін тапсырып, көпшілікті қуанышты сәтпен құттықтады:
«Алдымен баршаңызды Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Білім саласын дамытуда Түркістан облысында ауқымды жұмыс атқарылуда. Жуырда ғана өңірде 1 мыңыншы мектеп ашылды. Облыста білім ұялары тапшылығын жою бағытында жұмыс жалғасады. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 60-тан астам білім ұясы салынады. «Балалар жылы» аясында заман талаптарына сай автобустардың 101-і Түркістан облысының балаларына бөлінді. Бүгін сол автобустардың 71-і ел игілігіне тапсырылды. Тұрғындармен кездесулерде де осы мәселе көтерілетін. Өтініштер орындалды. Әсіресе, өңіріміздің таулы аймақтары мен шалғай елді мекендері бар аудандарында қауіпсіз тасымал мәселелері шешіледі. Ендігі кезекте оқу сапасын арттыруға басымдық беру керек. Білімді ұрпақ қана әділетті қоғамды орната алады. Бұл ретте білім саласындағы жемқорлықпен күресті күшейткен жөн. Жауапты орган басшыларына да ұсыныс берілді. Қоғамның бұл дертімен өзім бастап күресемін және жауапты басқармаға, білім бөлімі басшыларына да әділдікті сақтауды тапсырамын. Жаңа автобустар оқушыларымыздың игілігі үшін қызмет етсін!»
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздерінде «Балаларды тасымалдауға арналған автобустарды сатып алу» инвестициялық жобасы аясында 2022 жылы Түркістан облысына қажетті 101 мектеп автобусын лизинг тәсілімен алу үшін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамымен келісімшарт жасалғандығы жазылды. Бұл автобустар облыстағы тасымалданып оқытылатын 56 ауыл мен бастауыш сыныптары ғана бар 124 елді мекендегі 15 мыңнан астам баланы тасымалдайды. Бұған дейін балаларды мердігерлер есебінен – 169 автокөлік және мектеп баланысындағы 19 көлік тасымалдап келген еді. Айта кетейік, ақпан айында Сарыағаш ауданында өңірдегі бір мыңыншы мектеп ашылды. Сарыағаш қаласының «Самал» шағынауданындағы №78 жалпы орта мектебінің құрылысы 2020 жылы басталды. Мектепте 900 оқушыға арналған және оқушыларды алаңсыз оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Есік алдына асфальт төселген және абаттандырылған. Мектепте суық су, жылыту және санитарлық байланыс құбырлары орталықтандырылған. Білім беру ұясында үлкен дәліз, 1 оқу залы және кітапханада 1 медиа залы бар. Сондай-ақ, химия, физика, Еңбек және информатика кабинеттері заманауи жабдықтармен толық жабдықталған. Үлкен спорт залы, 300 орындық асхана жұмыс істейді. 2 медициналық кабинет бар. Олар арнайы медициналық жабдықтармен, жиһаздармен жабдықталған. Өртке қарсы дабыл, 17 сыртқы және 60 ішкі бейнебақылау камералары орнатылған.