Қытай мен Ресей 2022 жылы Қазақстанның жетекші сауда серіктестері болды. Бұл туралы newsroom.kz порталы ranking.kz сілтеме жасап жазуда.
Олардың Қазақстанның сыртқы сауда айналымындағы жалпы үлесі 37%-дан асты. 2021 жылдағыдай қазір де РФ көш бастап тұр: ҚР-ның солтүстік көршісімен сауда көлемі 2022 жылы 26,1 млрд АҚШ долларына (6,1% көбейген) жетті. Мұның басым бөлігі Ресейден Қазақстанға импорт.
Қытаймен сауда былыр да жақсы болды, өзара сауда 24,1 млрд АҚШ долларына (34,1% өсті) жетті. Дегенмен, Ресеймен сауда-экономикалық байланыстардан айырмашылығы, Қытай Қазақстан үшін ең алдымен өткізу нарығы (өзара саудадағы экспорт үлесі 54,5%), содан кейін ғана жеткізуші.
Фото: Sn.kz