Соңғы мәліметтерге сәйкес, сенбіге қараған түні АҚШ-тың оңтүстігінде болған торнадо салдарынан Миссисипи мен Алабамада кем дегенде 26 адам қаза тапты, деп Newsroom.kz хабарлайды BBC.com-ға сілтеме жасай отырып.
Миссисипи Үкіметі төтенше жағдай жариялады, тірі қалғандарды іздеу жалғасуда.
Миссисипи Төтенше жағдайлар басқармасы үйінділерді алған кезде құрбандар мен зардап шеккендердің саны артуы мүмкін екенін ескертті.
Фото: BBC.com