Бүгін Астананың аумақтық сайлау комиссиясының отырысында партиялық тізімдер мен аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Елорда мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындылары айтылды, деп Newsroom.kz хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Отырыста сайлау қорытындысын Астана сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова жариялады.
Оның айтуынша, елордада барлығы 788 931 сайлаушы тіркелген, оның ішінде 332 694 сайлаушы дауыс беруге қатысқан.
Айтылған ақпаратқа сәйкес, елорда мәслихатына сайлау қорытындысы бойынша дауыстар былайша бөлінді:
* Amanat партиясы - 227 307 дауыс немесе 68,78 пайыз – 12 мандат;
* "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2 147 дауыс немесе 0,65 пайыз;
* Respublica партиясы – 5 401 дауыс немесе 1,63 пайыз;
* Қазақстан Халық партиясы – 18 174 дауыс немесе 5,50 пайыз-1 мандат;
* "Байтақ" Жасылдар партиясы – 18 154 дауыс немесе 5,49 пайыз-1 мандат;
* "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы – 56 045 дауыс немесе 19,96 пайыз - 3 мандат.
Барлығы 3269 сайлаушы дауыс берді.
Бектемісова хабарлағандай, бір мандатты аумақтық округтер бойынша депутаттық мандаттар келесідей бөлінген:
* №1 сайлау округі – Сергеев Владислав Алексеевич, 1984 жылы туылған, VII сайланған астана мәслихатының депутаты, Amanat партиясының Астана филиалы ұсынған;
* № 2 сайлау округі – Байсеркина Динара Сатжанқызы, 1974 жылы туылған, №6 қалалық емхананың директоры, Amanat партиясының Астана филиалы ұсынған;
* №3 сайлау округі – "О AZAMAT GROUP" ЖШС директоры Азамат Тұрсынбекұлы Өмірзақов Amanat партиясының Астана филиалы ұсынған;
* №4 сайлау округі – Ажикенова Мадина Берікболқызы, 1980 жылы туылған, "Бөбек Медина" ЖШС құрылтайшысы, Amanat партиясының Астана филиалы ұсынған;
* № 5 сайлау округі – Азамат Серікұлы Айтхожин, 1975 жылы туылған, Астана қаласындағы "Алматы" ауданы Amanat партиясы филиалының төрағасы;
* № 6 сайлау округі – Купешов Нұрлан Маратұлы, 1988 жылы туылған, "Астана-Энергия" АҚ Басқарма төрағасы, Amanat партиясының Астана филиалы ұсынған;
* №7 сайлау округі – Геналаева Салтанат Мұқанбетпанақызы, 1982 жылы туылған, "Эндохирургия Клиникасы" ЖШС директоры, Amanat партиясының Астана филиалы ұсынған;
* №8 сайлау округі – Естек Қанат Ғалымжанұлы, 1972 жылы туған, "Асыл қазына НС" ЖШС директоры, Amanat партиясының Астана филиалы ұсынған;
* №9 сайлау округі – Төлеген Бахаргүл, 1969 жылы туған, "Әдеміай plus" ЖШС директоры, Amanat партиясының Астана филиалы ұсынған;
* № 10 сайлау округі – Муслим Нұрлан Сарбайұлы, 1977 жылы туылған, Saryarqa hold ЖШС директоры, Amanat партиясының Астана филиалы ұсынған;
* № 11 сайлау округі – Орынбасаров Азамат Манасұлы, 1992 жылы туылған, "Керуен групп" ЖШС Бас директоры, Amanat партиясының Астана филиалы ұсынған;
* №12 сайлау округі – Самидин Сәуле Самидинқызы, 1972 жылы туылған, Sun EVENTS ЖШС және Saukele ЖК директоры, Amanat партиясының Астана филиалы ұсынған;
* № 13 сайлау округі – Ғабит Қалиұлы Тәжімұратов, 1972 жылы туылған, Қазақстанның Азаматтық авиация қауымдастығының президенті, Amanat партиясының Астана филиалы ұсынған;
* № 14 сайлау округі – Лория Дэвид Григорьевич, 1981 жылы туылған, "Астана футбол Федерациясы "Қауымдастығы" ЗТБ президенті, Amanat партиясының Астана филиалы ұсынған;
* № 15 сайлау округі – Смайылов Бауыржан Амангелдіұлы, 1967 жылы туылған, "Қалқаман-Недвижимость" ЖШС Байқау кеңесінің төрағасы, Amanat партиясының Астана филиалы ұсынды;
* № 16 сайлау округі – Ерғалиев Талғат Файзоллаұлы, 1966 жылы туылған, Құрылысшылар одағының төрағасы, Amanat партиясының Астана филиалы ұсынған;
* № 17 сайлау округі – Рахмет Жандос Қанатұлы, 1986 жылы туылған, Balaland KZ ЖШС Бас директоры Аманат партиясының Астана филиалымен ұсынылды.
Фото: vlast.kz