Лондондағы орталық қылмыстық сот Нигерияның жоғары лауазымды саясаткерін, оның әйелі мен медициналық "делдалды" адам саудасына кінәлі деп тапты, деп Newsroom.kz хабарлайды BBC.com-ға сілтеме жасай отырып.
Бай сенатор Айк Экверемаду, оның жұбайы Беатрис және Доктор Обинна Обета Лагостан Ұлыбританияға саудагер жас жігітті сенатор қызы Соняға бүйрек алу үшін алып келген.
Айыптау қорытындысы бойынша, Лондонға Royal Free Hospital клиникасында бүйрегін трансплантациялау үшін Лагостан көше сатушы жас жігітті алдап алып келген.
Мұндай операция 80 мың фунт стерлингті құрайды (шамамен 90 мың еуро), бірақ жас жігітке тек 7 мың фунт стерлинг (шамамен 8 мың еуро) ұсынған және Ұлыбританияда жұмысқа орналасуға көмектесуге уәде берген. Алайда сатушы жігіт операцияның егжей-тегжейлігін білмеген, тек ауруханада Дәрігерлермен сөйлескен кезде ғана бүйрегінен айырылатының түсініп, қашып кеткен.
Айта кетейік, бұл Ұлыбританияда қазіргі Құлдық туралы жаңа заң бойынша шығарылған алғашқы үкім.
Фото: BBC.com