Тарихта алғаш рет Американдық ғалымдар Венерадағы жанартаулық белсенділіктің тікелей дәлелдерін таба алды, деп Newsroom.kz хабарлайды Golosameriki.com-ға сілтеме жасай отырып.
Революциялық жаңалықтың нәтижелері Science журналында жарияланды.
Бұрын күннен екінші планетада жанартаулар атқылағаны белгілі болды, бірақ Венерада жанартау процестерінің жалғасып жатқандығын растау қазір ғана мүмкін бола алды. Олар 30 жыл бұрын Магеллан станциясы түсірген архив суреттерден табылды.
1990 жылдардың басында Венера картасын жасаған Магеллан планетааралық аппараты, Маат жанартауын түсірді. Маат, планетадағы ең биік жанартау, бұрын атқылаған: оның беткейлері қатып қалған лаваның бірнеше шақырымдық ағындарымен жабылған, ал жанартау бетінің жарықтығы, оған ұқсас Венера тауларынан айтарлықтай ерекшеленеді.
Зерттеу авторлары суреттердің екі сериясын талдады: біріншісі 1991 жылы ақпанда, екіншісі сегіз айдан кейін қазан айында түсірілген. Осы уақыт ішінде Маат тауының беті өзгерген – жанартау саңылауларының бірі кеңейіп, пішінін өзгертті, бұл жақында лава атқылағанның белгісі.
Фото: Golosameriki.com