Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 наурыз, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Әлемдегі ең үлкен Египет пирамидасынан құпия бөлме табылды

Әлемдегі ең үлкен Египет пирамидасынан құпия бөлме табылды

Әлемдегі ең үлкен Египет пирамидасынан құпия бөлме табылды
ашық дереккөзі
Әлемдегі ең үлкен Египет пирамидасы – биіктігі 140 метрге жететін Хеопс пирамидасы. Ғалымдардың айтуынша, ол миллиондаған әктас блоктарынан тұрғызылған. Оны салу үшін құрылысшыларға 20 жылдан астам уақыт қажет болған. Хеопс пирамидасы бүгінге дейін сақталған жалғыз "Әлемнің жеті кереметі" екендігімен де ерекшеленеді. Ол өте жақсы зерттелген, бірақ әлі де көптеген құпияларға толы, деп Newsroom.kz жазады Massaget.kz дереккөздеріне сүйене отырып. Хеопс пирамидасы Гизаның Ұлы пирамидасы ретінде де белгілі. Оның жасы 4500 жыл деп есептелінеді, яғни бұл дүниенің аман қалған жалғыз кереметі ғана емес, сонымен бірге олардың ішіндегі ең ежелгісі саналады. Хеопс пирамидасының ішінде құпия өткел бар екенін ғалымдар 2016 жылы болжаған. Ғылыми құрал-жабдықтар оларға Мысыр қабірінің негізгі кіреберісі үстінде қуыс бөлік бар екенін анық көрсетті. Оның көлемі мен тереңдігі қандай екенін ешкім білмеді, өйткені жаңалық тек есептеулер арқылы жасалды. Бірақ жақында Мюнхен техникалық университетінің мамандары эндоскопты қолданып, қабырғаны бұзбай, құпия өткелді суретке түсірді.
"Пирамидалар ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы. Бұл дегеніміз, біз ештеңеге зиян келтірмеу үшін зерттеу жұмыстарын жүргізгенде ерекше сақ болуымыз керек дегенді білдіреді. Біз Хеопс пирамидасын қабырғаларды бұзбай, кейде тіпті алыстан зерттеуге болатын құрылғылармен зерттеу үстіндеміз", - дейді археологиялық жаңалық авторлары.
[caption id="attachment_75232" align="alignnone" width="740"] width= Фото: Massaget.kz[/caption] Хеопс пирамидасының бұрын беймәлім ішкі өткелін суретке түсіру үшін ғалымдар әктастардың арасынан шағын тесік тапты. Оған кішкентай түтік қойылды, сол арқылы кейіннен эндоскопиялық камераның объективін жұмбақ қуысқа өткізуге мүмкіндік туды. Хеопс пирамидасының құпия қуысы бұрын ойлағаннан әлдеқайда үлкен екені белгілі болды. Ғалымдар оған бірнеше адам сияды деп есептейді.
"Пирамидада қуыс кеңістік табу қазірдің өзінде ерекше нәрсе. Бірақ бұл бөлмеге бірнеше адам сиятындай үлкен болуы жаңалықты одан да маңыздырақ етеді", - дейді зерттеу жетекшісі Кристиан Гросс.
Бастапқыда ғалымдар Хеопс пирамидасының ішіндегі қуыс ұзындығы 5 метрдей дәліз сияқты нәрсе деп есептеді. Дегенмен, жаңа зерттеу нәтижелері бөлменің өлшемдері осы ұзындықтан бірнеше есе көп екенін көрсетеді. Фотосуретке қарағанда, бөлменің ішінде адам әрекетінің бірде-бір белгісі жоқ. Зерттеу тобы 4500 жыл ішінде, яғни Гизаның Ұлы пирамидасының құрылысы аяқталған күннен бастап ешкімнің ішінде болмағанын болжайды. Ғылыми жұмыстың авторлары өте маңызды жаңалық ашқандарына сенімді. Құпия бөлменің ішінде ештеңе жоқ. Дегенмен, археологтар қазір бұл шағын бөлменің артқы қабырғасының артында не жатқанын ойлап жатыр. Ғалымдар бұл сұраққа жақын арада жауап іздейтін болады. Бұл жаңалық тағы да Мысыр пирамидаларын әлі де зерттеп, олар туралы жаңа нәрсе білуге ​​болатынын көрсетті. Технология бір орында тұрмайды, жаңа құрылғылардың көмегімен жаңа мүмкіндіктер ашылады. Фото: Massaget.kz