Мәжіліс экономиканың барлық саласы мен еліміздің әлеуметтік әрі қоғамдық-саяси өміріне, сондай-ақ басқа да маңызды секторлардың тұжырымдамаларын, бағдарламаларын әзірлеуге қатысуы тиіс. Бұл ҚР Парламент Мәжілісіне үміткер Полат Бурановтың ұстанымы, деп Newsroom.kz жазады.
Оның осы бағыттағы идеялары саяси платформасында айшықталған. Жоғарыда айтылған ұстанымына сәйкес ол стратегиялық бағдарламаларды дайындау жұмысына халықты тартып, олармен белсенді жұмыс жүргізілу керек деп санайды. Полат Бурановтың айтуынша, көп жағдайда Қазақстан азаматтарының пікірі ескерусіз қалып жатады. Бұл қасаң қағиданы бұзып, сеңді қозғалту үшін Мәжіліске халықтың мұң-мұқтажын еш бүкпесіз жеткізетін, сондай-ақ мемлекетімізді өркендетуге аянбай еңбек ететін адал жандар бару керек деп есептейді.
Полат Талхатұлы елімізде азаматтық қоғамды дамытып, демократиялық құндылықтарды жолға қою үшін Парламентті еуропалық стандарттарға барынша жақындату қажет деген ойда. Осы арқылы халық мемлекеттік деңгейдегі маңызды оқиғалардан хабардар болып, өздері сайлаған депутаттардың көмегімен еліміздің дамуына үлестерін қосуға мүмкіндік алады. Сәйкесінше заң шығарушы органның ашықтығы қамтамасыз етіліп, демократиялық инситуттардың қызметі жанданады. Ал қазіргі «халық қалаулыраның» жұмысы азаматтардың көңілін көншітпей отырғанын байқау аса қиын емес. Себебі сайлауалды уәделердің орындалу жағы кемшін болып тұр.
Популистік ұранға негізделген дәуір өткендіктен бүгінде сайлаушыларды құрғақ сөз, жалаң статистикамен баурап алу мүмкін емес. Жаңа Қазақстанда қоғамның сенімін қайтару үшін нақты әрі батыл әрекеттер қажет. Сондықтан Парламент Мәжілісіне өзін-өзі ұсынған Полат Буранов электораттың алдында өз міндеттемелерін орындап, толық жауапкершілікті алуға сақадай дайын.