weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
13 наурыз, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алаяқ алматылық тұрғындарды 16 млн теңгеге алдап кеткен

Алаяқ алматылық тұрғындарды 16 млн теңгеге алдап кеткен

Алаяқ алматылық тұрғындарды 16 млн теңгеге алдап кеткен
ашық дереккөзі

Алаяқ жалға берілетін тұрғын үйді сатып алуға “көмектесемін” деген желеумен алматылық тұрғындарды 16 млн теңгеден астам сомаға алдап кеткен, – деп Newsroom.kz хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Тағы бір әйел алаяқтық жасағаны үшін сотталды.

– Бір нұсқа бойынша, 42 жастағы Ж. есімді әйел арзандатылған бағамен жалға берілетін тұрғын үй сатып алу бойынша өз қызметтерін ұсынған. Қазіргі кезеңде қылмыстық іс бойынша барлығы 7 жәбірленуші бар. Алдын ала төлем сомасы “қызметіне” байланысты өзгеріп отырған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 16 млн теңгеден асады, – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Талғат Беркінбаев.

Қазір тергеушілер материалдың толықтығын қамтамасыз етіп, шындықты анықтауға бағытталған бетпе-бет кездестіру және басқа да процессуалдық әрекеттерді жүргізіп жатыр.

Сотқа дейінгі тергеу кезеңінде ұсталған азаматшаға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Фото: Polisia.kz