Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысында екібасты бұзау туылды

Бұзаудың екі тұмсығы, екі аузы және төрт көзі бар, дегенмен бас сүйегі біреу ғана, деп Newsroom.kz жазады Halyq-uni.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданына қарасты Нұра ауылында екібасты бұзау туды. Бұл туралы желі қолданушысы Нұрболат Туысбайұлы есімді азамат Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Кластастарымның чатынан ұққаным, ауыл халқында үрей бар сияқты. Экологияның белгісі ме екен?.. – деп жазды ол.

Бұзаудың екі беті мен екі аузы, төрт көзі мен екі құлағы бар. Бірақ басы бірге біткен.

Бұзаудың мутацияға ұшырауы полицефалия деп аталады. Ол бауырымен жорғалаушыларда, сүтқоректілерде және кейде адамдарда кездеседі. Егер жатырдағы екі эмбрион толық бөлінбесе, ек ми дамиды, бірақ тыныс алу және асқорыту жүйесі ортақ, сондай-ақ екеуге бір дене болады. Әдетте, мутанттар туғаннан кейін көп ұзамай өледі, бірақ ерекше жағдайлар болып жатады.

Фото: Halyq-uni.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.