Түркістан облысы мемлекеттік архивіндегі «№505 Қор:Сайрам ауданы халық сотының материалдарындаірі колхоздар шоғырланған Қарабұлақ ауылында күштеп колхоздастыру науқаны туралы істер енген. Аталған қордағы істерді оқи отырып азық- түлік түріндегі салық ет, мақта, астық түрінде салынды. Олар мәжбүрлеп салынған.
Әсіресе, бұл ауқатты байларға қатты зардап боп тиген. Осыдан Қарабулақ колхоздарында азық- түлік тапшылығы орын алған. Нәтижеде кеңестер өкіметіне деген сенім жоғала бастайды. Ақыр соңында аштыққа ұрынған, ол ашаршылықтың жайлауына әкелген. Тарихта бұл оқиғаларды«зобалаң жылдары» деп атайды.Оның 1929-1933 жылдары қатаң жүргені тарихқа мәлім. Колхоз құрылысына қарсылықты Қарабұлақтық бай, орташа бай, діндар адамдардың әрекетінен көруге болады. Қызығы сол олар өздерін кінәлімін депсанамаған. Атап айтсақ, 58-7,10- баптары бойынша «колхозға қарсы үгіт насихат жұмысын жүргізді» және жеке малдарын базарға сатып пұлдады колхозға өткізбеді т.б деген контреволюциялық айыптаулар тағылған. Олардың кейібреулерінің аты жөндерін көрсетіп және әрекеттері туралы мәлімет берейік.
1930 жылы 48 жастағы Тошметов НиязметҚарабұлақ ауылының белгілі байы саналған. Ол1926 жылғы РСФСР қылмыстық кодексінің 61-3 және 79 -1 екі баппен сотталған
(ТОМА-505 қор, 1-тізбе, 1 бума, 13-іс.1931 қаңтар- ақпан). 61-3 бап- «мемлекеттік маңызы бар жұмыстарды орындауда бас тарту...», ал 79-1 бап «мемлекеттік кәсіпорындарға тиіселі мүліктерді өрескел түрде жою» болып табылады. Ол бұрын мал саудасымен айналысқан алыпсатар болған.Бірнеше гектар бау- бақшасы болып және егіншілікті кәсіп еткен. Ол батрактар еңбегін пайдаланған«эксплотатор»деп танылған. 1929 жылы мал- мүлкі кәмпескеленген. Осы жылы«Қайтмас» колхозының мүшесі де болып кірген. Бірақ колхозда мақта егуге қарсылық танытқан. Мақта тұқымын егу тапсырмасын орындамаған. Астық салығын да орындамай 1929 жылы көрші Өзбекстанға қашып кеткен. 1930 жылы ол жақтан қайта оралған соң ұсталып Сайрам аудандық сотында жоғарыда аталған екі баппен сотталып түрмеге отырған.
1930 жылы 27 желтоқсанда ОГПУ тергеушісі Мустакимов Қарабұлақ ауылының бұрын кәмпескеленген мына байларының қылмыстық істеріне тергеу жұмыстарын аяқтап, істерін сотқа өткізген екен:
- Умаров Усмантай - 38 жаста. Тегі өсімқор саудагер. Екі сиыры, бір жылқысы қалған. Астық, ет салығын орындамаған.
- Тойметов Нияз әлі -60 жаста. Тегі бай. Астық, ет салығын орындамаған.
- Темиров Тайхана - 48 жаста. Бай. Бір өгіз, екі сиыр, екі жылқысы бар.
- Исраилов Сағадулла - 34 жаста. Тегі бай. Екі жылқы, екі сиыры бар. Астық салығын орындамаған.
- Артықбаев Мутәлі – 53 жаста. Тегі бай. Бір сиыр, бір есегі бар. Астық салығын орындамаған.
- Қасымходжаев Абдураим – 55 жаста. Тегі бай. 1929 жылы кәмпескеленген. Бір сиыры мен бір жылқысы қалған. Астық, тұқым себу жоспарын орындамаған.
- Умаров Садық – 49 жаста. Ауқатты шаруа. Тұқым себу мен астық жоспарын орындамаған.
- Абдуллаев Сағадулла – 72 жаста. Имам. Ауқатты орта шаруа. Бұрында 61 баппен істі болған.
- Умаров Қошқар – 53 жаста. Тегі бай. Мүлкі кәмпескеленген. Астық салығын орындамаған.
- Умаров Абдусамат -38 жаста. Тегі саудагер. Астық салығын орындамағаны үшін кәмпескеленген.
- Ташметов Сағамбек - 47 жаста. Мал саудагері, базарда далдалши.
Бұл байларға әрқайсысына 2 гектардан мақта егу үшін жер ажыратылған екен. Кеңес билігі оларға колхоз жүйесімен егін егіп, оған қарайлап, жиым теріп жасап, есеп беруін міндеттеген болатын. Бірақ олар бұлай істегісі келмей колхоз жүйесіне қарсы ауылда үгіт- насихат жасаған «бұл кеңестер билігі ұзаққа бармайды, колхоз дұрыс емес, өзіміздің сақтаған тұқымымызбен себеміз, оның өнімін өзіміз белгілейміз т.с.с.» деген секілді сөздер айтып, әрекет еткен.«Тұқым егудің жұмысын созбалап, уақытын өткізіп алған. Умаров А, Ахметов Р, Имамов Т., Усманов Шакарим, Халджалиев Адхам, Усманов Мамед өз шаруашылықтарын талқандап, яғни, малдарын мен басқа да мүлкін сатып Өзбекстан жаққа қашып кетті» деп көрсетеді ОГПУ тергеушісі Мустакимов. Олардың жерлері колхозға мүше бұрынғы кедей мен батрақтарға үлестіріліп беріледі. Тартып алынған (кәмпескеленген) тұқымды кеш те болса егеді. Әрқайсысына 100 -200 пұт көлемінде салық салынған.
Тергеуші Мустакимов жоғарыда аталған байларға қатысты 58-10 және 61-2 баптармен қылмыстық істер қозғайды. 1931 жылы 3 қаңтарда ұсталғандар аудан прокурорының шешімімен «домзакқа» - түрмеге, сотқа дейінгі тергеу жұмысы үшін жабылады. Сот ашық баршаға үлгі болу үшін жүргізіледі.
«Домзак» қа жабылғандар:
- ШажалиевЕргеш
- Умаров Усмантай
- Тойметов Нияз али
- Тимиров Т
- Исроилов Сағидулла
- Артыкбаев Мутали
- Қасымходжиев Абдураим
- Ташметов Ниязмет
- Умаров Садық
- Умаров Қошқар
- Умаров Абдусали
- Ташметов Сасамбек
- Абдуллаев Лутфулла
- Абдуллаев Сайдахмет
- Абдураимов Абдуали
Осы адамдарға қатысты тергеу істерінде колхозды мәжбүрлеп құрудағы асығыстық, аштық туралы бір ауыз мәлімдеме не факті келтірілмейді. Тек айыпталушылардан алынған төте жазу (арапша)өзбекше мәтінде жазылған түсініктемелерде ғана «бала шағам, туыстарым аш отыр, қазаным қайнамай қалды, егуге бар дәнді колхозға өткізгем, соның біразын сұрауға бардым т.б» мазмұндағы жауаптарды оқуға болады. Оны тергеуші хаттамаға себептерін басқаша жазып қоспауға амалы болмаған, өйткені, ұрладым, тонадым т.б деп соңынан жаздырып, қол қойдырып алған секілді.
Ұлтымыздан шыққан мемлекет және қоғам қайраткерлеріөткен үш ақтау –реабилитация процестері (
1956-1957жж, 1987-1988 жж,1997-1999 жж.) кезінде толық ақталды. Олардың мемлекет және халқы алдында кінәсі болмағандығы көрсетілді. Ал жергілікті жерлерде соның ішінде Қарабұлақ ауылыннан шыққан бай, ірі бай, орташа байлар, саудагер-алыпсатарлар, ишан, имамдарды «қанаушы-эксплотарлар» деп танылғандарды ақтаймыз ба, ақта-маймыз ба...
Бахадыр Айтай, ОҚМПУ дің аға оқытушысы, т.ғ.к.
Саяси құғын- сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі
мемлекеттік комиссияның мүшесі, Шымкент қаласы және
Сайрам ауданы өңірлік жұмыс тобының жетекшісі.