Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
14 қазан, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан: Т. Дүйсенова әлеуметтік қызметкерлермен және еңбек ардагерлерімен кездесті

Түркістан: Т. Дүйсенова әлеуметтік қызметкерлермен және еңбек ардагерлерімен кездесті

Түркістан: Т. Дүйсенова әлеуметтік қызметкерлермен және еңбек ардагерлерімен кездесті
ашық дереккөзі
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Түркістан облысына жұмыс сапары барысында әлеуметтік қызметкерлермен және еңбек ардагерлерімен кездесу өткізді. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысты, деп newsroom.kz хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Сапар барысында министр ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жаңғырту туралы айтып берді. Тамара Дүйсенова өз сөзінде бүгінгі таңда 116 мемлекеттік интернат-үйлермен қатар 174 ҮЕҰ және жеке сектор субъектілері арнайы қызмет көрсететінін хабарлады. Мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін, сондай-ақ оларды жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік беретін Әлеуметтік қызметтер порталы енгізілді.
«Сонымен қатар арнайы әлеуметтік қызметтер (АӘҚ) қалалар мен облыс орталықтарында ұсынылатынын, ал ауылда тұратын мүгедектігі бар адамдардың 45%-дан астамы оларды қолдайтын әлеуметтік қызметтерді алатынын, яғни тек жергілікті әлеуметтік көмек бөлімшелері үйде ұсынатын жалпылама қызметтерді ғана ала алатынын мойындау керек. Сонымен бірге қызметтердің басым бөлігін ірі мемлекеттік интернаттар ұсынады, олардың кейбіреулерінде қызмет алушылар саны 300 адамға дейін жетеді, бұл, әрине, көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер етпеуі мүмкін емес. Осыған байланысты Әлеуметтік кодекстің жобасында мемлекеттің, жеке сектордың, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың өздерінің ынтымақты қатысуына баса назар аудара отырып, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту көзделуде», – деді министр.
Атап айтқанда, өтініш берушіден АӘҚ көрсетудің проактивті форматына көшу көзделеді. Ол үшін арнайы қызметке мұқтаж азаматтардың бірыңғай әлеуметтік тіркелімі құрылады. Оның базасында азаматтардың өтінішін күтпей, проактивті форматта арнайы әлеуметтік қызмет көрсете отырып, қажеттіліктер картасы қалыптастырылады, ел ауқымында қызметтердің қолжетімділігі айқындалады. Сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың отбасының жұмыссыз мүшелерін әлеуметтік қызметтерге тарту жоспарлануда. Оларға тиісті еңбекақы, әлеуметтік аударымдар және еңбек өтіліндегі осы қызмет түрін ескере отырып, жеке көмекші ретінде ресімдеу мүмкіндігі беріледі. Қатысушыларға қойылатын негізгі талап олардың осындай қызметтерді көрсету үшін тиісті дағдыларының, икемі мен біліктіліктерінің болуы қажет. Бұдан басқа ірі интернат-үйлерде қызмет көрсетуден АӘҚ-ні алушылардың тұратын жерлерінде орналасқан шағын жинақталған әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында қызмет көрсетуге көшу көзделеді. Мұндай ұйымдарды дамыту жеке сектор субъектілеріне мемлекеттік тапсырысты кеңейту жолымен жүзеге асырылатын болады. Өз кезегінде, ірі интернат-үйлер жаңа технологияларды енгізу және әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің ғылыми-әдістемелік орталықтарына немесе әлеуметтік қызмет көрсетудің көпсалалы шағын үйлеріне кезең-кезеңімен ауыстырылатын болады. Сонымен қатар, тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесіне немесе өмірлік қиын жағдайдың түріне байланысты әлеуметтік қызметкерлердің іс-қимылдарының қадамдық алгоритмін қамтитын арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолда бар стандарттары өзектендірілетін және әзірленетін болады. Әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж адамдарға арнаулы тауарлар мен қызметтерді, қызмет көрсету ұйымдарын таңдаумен қатар оларға қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлерді таңдау мүмкіндігі де берілетін болады.
«Әлеуметтік қызметкерлер тізілімі қалыптастырылады, онда олардың біліктілігі, көрсетілетін қызметтердің түрлері мен сапасы, жұмыс нәтижелері туралы ақпарат қамтылатын болады. Әлеуметтік қызметкерлер үшін жұмыс берушілердің дайындалып жатқан кадрлардың білім деңгейіне, дағдылары мен біліктіліктеріне қойылатын талаптарын көрсететін кәсіби стандарттар әзірленеді. Ұсынылатын қызметтердің біліктілік деңгейін, санаты мен ерекшелігін ескеретін еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі әзірленетін болады», – деп түйіндеді Тамара Дүйсенова.
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі