Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 тамыз, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Жалпы құны 188 млрд теңге болатын 12 «жасыл» жобаға қолдау көрсетілді

Жалпы құны 188 млрд теңге болатын 12 «жасыл» жобаға қолдау көрсетілді

Жалпы құны 188 млрд теңге болатын 12 «жасыл» жобаға қолдау көрсетілді
ашық дереккөзі

Қазақстанда 12 «жасыл» жоба жүзеге асырылды, деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі.

Қаржы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі арқылы бөлінген.

Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының «жасыл» жобаларға қатысуы қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және елдің экономикалық дамуына ықпал етеді. Себебі, «жасыл экономиканы» дамыту Қазақстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарының бірі болып саналады.

Бүгінде «Бәйтеректің» еншілес ұйымдары жалпы құны 188 млрд теңгеден асатын 12 «жасыл» жобаға қолдау көрсеткен. Нәтижесінде 2021 жылы қаржы бөлінген кәсіпорындар 811 млн киловатт/сағат электр энергиясын өндірген. Бюджетке түскен төлем 1,5 млрд теңгені құраған.

Еске салайық, 2013 жылғы 17 мамырда Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстаның «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы» Қаулысына қол қойылды. Тұжырымдама 7 саланы қамтиды: жаңартылатын энергия көздерін енгізу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі, ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру, «таза» көлікті дамыту, экожүйелерді сақтау және тиімді басқару. Концепцияда қандай мақсаттарға қол жеткізу керек екені көрсетілген. Мысалы, қалдықтарды өңдеу. Тұжырымдама қабылданғанда қалдықтарды қайта өңдеу көрсеткіші 2-3% болса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 11%-ға жетті. Бұл салаға бизнесті тарту да маңызды. Бүгінде кәсіпкерлер қалдықтарды өңдеп жаңа тауарларды шығаруға бейімделіп жатыр. «Жасыл экономика және «G-Global» дамуы үшін коалициясы» тұжырымдаманы насихаттау бойынша жұмыстар жүргізген болатын. Ұйым 2015 жылдан 2019 жылға дейін 8 жасыл технология орталығын 8 облыста ашқан. Бұл жасыл технология саласындағы кәсіпорындарды тартуға мүмкіндік береді. Мысалы, Ақмола облысындағы Арнасай «жасыл» ауылы бар. Мұндағы технологияның тең жартысы донорлар арқылы сатып алынған. Бірақ онда орналастырылған қондырғылардың басым бөлігі отандық кәсіпкерлердің тауарлары болып саналады. Орталықта барлығы іске қосылған. Онда энерготиімді терезелер, жарықдиодты жарық, күн панелі сынды құрылғылар бар. «Арнасай» - жасыл технологиялардың басым бөлігін қамтыған орталық. Сондай-ақ Қарағанды облысындағы Агроколледжде жылыжай ашылған. Онда электр қуатының 70%-ы күн сәулесінен, желден алып отыр. Жылыжайда тамшылап суару технологиясы қолданылады әрі колледж студенттері тәжірибе жинайды. Қарағанды облысындағы ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер де өз шаруашылықтарына жасыл технология енгізе бастаған. Сонымен қатар Түркістан облысындағы колледжге жасыл технологияларды енгізіп, соның негізінде оқу ордасында дуалды білім беру ұйымдастырылған болған. Фото: egemen.kz