Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
13 қыркүйек, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан облысында 6 көпір жөндеуден өтіп жатыр

Түркістан облысында 6 көпір жөндеуден өтіп жатыр

Түркістан облысында 6 көпір жөндеуден өтіп жатыр
ашық дереккөзі
Түркістан облысы аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында жалпы саны 410 көпір орналасқан. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, қазіргі таңда сараптамаға сәйкес 29 көпір жөндеуді қажет етеді, деп newsroom.kz хабарлайды. 2021 жылы 4 көпір күрделі жөндеуден өткізіліп, 3 көпір (Түлкібас, Отырар, Бәйдібек аудандары) пайдалануға берілсе, Түлкібас ауданындағы 1 көпірдің жөндеу жұмыстары биыл жалғасып жатыр. Сондай-ақ, қазіргі таңда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 5 көпір ағымдағы жөндеуден өткізілуде. Атап айтқанда, Қазығұрт ауданындағы облыстық маңызы бар «Қазығұрт-Тұрбат» бағытындағы жолдың бойындағы көпір, Сайрам ауданындағы «Шымкент-Құтарыс-Түйетас» автомобиль жолы бойындағы 2 көпір, Түлкібас ауданындағы «Балықты-Абай-Пістелі» автомобиль жолы мен Бәйдібек ауданындағы «Шаян-Ағыбет» автомобиль жолындағы көпірлерге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл сайын басқарма тарапынан облыс аумағындағы көпірлердің жағдайына айрықша көңіл бөлінуде. Сонымен қатар биыл Түркістан қаласы, Сауран, Жетісай, Сарыағаш, Отырар, Төлеби, Ордабасы, Мақтаарал, Келес, Бәйдібек аудандарындағы облыстық маңызы бар жолдардың бойындағы 16 көпірді күрделі жөндеуден өткізуге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Оның ішінде, 5 көпірге мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған болса, қалған көпірлерге жыл соңына дейін сараптама қорытындысын алу жоспарланған. Айта кетейік, Түркістан облысы, Кентау қаласындағы Жамбыл көшесінің 1.1 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде деп 12-қыркүйек күні хабарланған болатын. Қазіргі таңда жолдың үстінгі қабатын алып тегістеу, нығыздау, асфальт жабындысын салу және аяқ жол салу жұмыстары атқарылу үстінде. Сонымен қатар қалаға қарасты Құсшы ата елді-мекенінің тұрғындарының өтінішіне қарай, мердігер мекеме тарапынан жол салу жұмысы жүзеге асырылды. Жалпы, Кентау қаласында 2022 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында 29 көшені орташа жөндеуден өткізу жоспарланған. Бүгінгі таңда аталған көшелердің құрылыс жұмыстары өз мерзімінде бітті. Мердігер мекеме тарапынан 2023 жылға жоспарланған 19 көшені 2022 жылы өз қаражаты есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, жүзеге асырылуда. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қарнақ ауылының 10 көшесін орташа жөндеуге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілді. Жалпы, 5,5 шақырымды құрайтын жол қырылып, нығыздалып асфальт салынды. Жыл басынан бері қаладағы 34,6 шақырымды құрайтын 19 көшеге ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары атқарылған. Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі