Түркістан облысы

Түркістан: Кентауда жол жөндеу жұмыстары қарқынды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістан облысы, Кентау қаласындағы Жамбыл көшесінің 1.1 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп newsroom.kz хабарлайды.

Қазіргі таңда жолдың үстінгі қабатын алып тегістеу, нығыздау, асфальт жабындысын салу және аяқ жол салу жұмыстары атқарылу үстінде. Сонымен қатар қалаға қарасты Құсшы ата елді-мекенінің тұрғындарының өтінішіне қарай, мердігер мекеме тарапынан жол салу жұмысы жүзеге асырылды.

Жалпы, Кентау қаласында 2022 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында 29 көшені орташа жөндеуден өткізу жоспарланған. Бүгінгі таңда аталған көшелердің құрылыс жұмыстары өз мерзімінде бітті. Мердігер мекеме тарапынан 2023 жылға жоспарланған 19 көшені 2022 жылы өз қаражаты есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, жүзеге асырылуда.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қарнақ ауылының 10 көшесін орташа жөндеуге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілді. Жалпы, 5,5 шақырымды құрайтын жол қырылып, нығыздалып асфальт салынды. Жыл басынан бері қаладағы 34,6 шақырымды құрайтын 19 көшеге ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары атқарылған.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.