Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
8 қыркүйек, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан: Сарығаш қаласында 42 көшеге жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Түркістан: Сарығаш қаласында 42 көшеге жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Түркістан: Сарығаш қаласында 42 көшеге жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
ашық дереккөзі
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының орт алығында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп newsroom.kz хабарлайды. Оның ішінде Сарыағаш қаласы, «Көктөбе» және «Телемұнара» мөлтек аудандары тұрғындарының бірнеше жылдан бергі өзекті мәселесіне айналған көшелерге де асфальт жамылғысы төселуде. Атап айтсақ, облыстық бюджет есебінен былтырғы жылы басталған Оразалы ата, Қызылорда, Телемұнара, Т.Оспанов, Жеңістің 45 жылдығы, Өндіріс, Шымкентбаев, Ақтөбе, Ортатөбе, Сарайшық, Арал, Қошқарбаев, Нұр көшелерінің жалпы ұзындығы 14,2 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары биыл аяқталып, тұрғындар игілігі үшін пайдалануға беріліп отыр. Сонымен қатар биыл Өркениет, Келешек, Асаубаев, Талас, Күлтегін, Өзкент, Сандыбаев, Достар, М.Ауезов, Қарқаралы, Ортатөбе, Тайтөбе, Зайсан, Жетіқара, Орталық, Аспара, Аққұм, Ақжайық көшелерінің жалпы ұзындығы 12 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал аудандық бюджет есебінен қала аумағындағы жалпы ұзындығы 7,2 шақырымды құрайтын 11 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілгеннен кейін қала аумағындағы жақсы және қанағаттанарлық көшелердің үлесі едәуір артпақ. Айта кетейік, Сарыағаш ауданы – Түркістан облысының оңтүстік бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1939 жылдан Сарыағаш аталады. Жерінің аумағы 7,7 мың км². Орталығы – Сарыағаш қаласы. Сарыағаш ауданы әкімдігі 1992 жылы ақпан айында құрылған. Тұрғыны 186 109 адам (2019). Халқы көп ұлтты, басым көпшілігі қазақтар (85,09%), одан басқа өзбектер (2,98%), тәжіктер (5,00%), әзербайжандар (1,70%), орыстар (1,24%), түріктер (1,41%), т.б. ұлт өкілдері тұрады. Ірі елді мекендері (2003): Сарыағаш қаласы (26,0 мың адам), Абай (18,0), Дербісек (10,3), Жібек жолы (5,8), Ынтымақ (5,4), Қапыланбек (5,1), Ақжар (5,0), Қызылжар (4,7), Жылға (4,1), Дарбаза (3,7), Ақниет (3,6), Құркелес (3,3), Қошқарата (3,2), К.Маркс (3,1), Ақжол (3,0), Таскескен (3,0), Көктерек кенті (2,6). Сарыағаш ауданында мақта, жүзім, көкөніс, астық, жеміс, бақша, картоп, қаракөл қойы, биязы жүнді қой, сүтті-етті мал, шошқа өсіруге маманданған 4 ұжымшар, 16 кеңшар, Мемлекеттік сұрыптау ст. болған. Ауданда 16 өнеркәсіп орны, 7077 агроқұрылым, оның ішінде: 101 заңды тұлға, 6976 шаруа қожалықтары бар. Аудан аумағында «Сарыағаш шипажайы» АҚ, «Арман», «Алтын бұлақ – Р» демалыс орындары, балалар шипажайы бар. «Алекс» ЖШС – Қазақстан – Польша бірлескен кәсіпорны, «Демеу», «Әсем-ай», «Курорт – Барс – 2030» ЖШС-тері Сарыағаш шипалы суын құятын кәсіпорындар, «Мырзакент»АҚ, «Айша бибі» ӨК – мақта тазарту завотында мақта талшығын өндіреді. «Сенім» ЖШС – тігін, тоқыма бұйымдарын шығарады. Сарыағаш. ауданында жүзім шаруашылығын өркендету үшін «Жүзім» бағдарламасы жасалынған, бұл бағытта «Қабыланбек» шарап жасайтын компаниясы, «Дербісек – Бахус» ЖШС, «Назико» ЖШС, «Ақжол» АҚ-ның шарап заттары, жүзім өңдейтін 6 цех жұмыс істейді. Ауданның барлық егіс көлемінің үштен бір бөлігіне дәнді дақыл, 11,9%-на көкөніс, 17,3%-на мақта, 31,1%-на жүзімдік егілген. Облыстағы арпаның жалпы өнімінің – 9,5%, жүгерінің – 26,5%, күнбағыстың – 36,5%, картоптың – 30,5%, көкөністің – 26,4%, жемістің – 24,5%, жүзімнің 39,9% жиналады. Облыстағы темекі өсіретін бірден-бір аудан. Аудан шаруашылықтарында облыстағы мүйізді ірі қара малдың – 10,4%, оның ішінде сиырдың – 12,5%, қой мен ешкінің – 13,7%, шошқаның – 3,7%, жылқының – 8,4% шоғырланған; түйе – 180, құс – 75,3 мың басты құрайды. Келес өзенінің бойында «Келес» ӨК-нің су электр ст. электр энергиясын өндіреді. Жалпы білім беретін 137 мектеп бар, оның 94-і орта, 15-і орталау, 28-і бастауыш және 2 спорт, музыка мектептері. Мәдени мекемелерден 290 мәдениет орталықтары мен 36 кітапхана бар. Денсаулық сақтау саласында 2 емхана, 4 аурухана, 24 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 104 фельдш.-акушерлік пункт, туберкулезге қарсы диспансер жұмыс істейді. Өзбекстанмен шекаралас Жібек жолы ауылында кеден бекеті орналасқан. Аудан жерінен Шымкент – Термез Халықараралық автомобил магистралі, Орынбор – Ташкент темір жолы өтеді. Аудандағы ірі, орта және шағын әртүрлі меншіктегі кәсіпорындардың өнім шығарып тұрғандары 46% құрайды. Өнеркәсіп саласы бойынша негізінен Сарыағаш минералды су құю (28.4%) және жеңіл өнеркәсіп (24.7%) салалары бар. Атап айтқанда «Алекс» ЖШС-минералды су құю өндірісі, «Айша-Бибі» ЖШС-мақта талшықтары өндірісі, «АВК Капланбек» АШК-жоғары сапалы шарап өнімдері, «Сенім» ЖШС-жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіреді. «Әуес», «Жылға-Агро» ЖШС-тері - бидай ұнын экспортқа шығаруда. «Дина-Н» ЖШС-құрылыс материалдарының 8 түрін шығаруда. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі