Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 қыркүйек, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан: Мектеп құрылысы – облыс әкімінің жіті назарында

Түркістан: Мектеп құрылысы – облыс әкімінің жіті назарында

Түркістан: Мектеп құрылысы – облыс әкімінің жіті назарында
ашық дереккөзі
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістан облысында биыл 59 мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 20,7 млрд. теңге қаржы қаралған, деп newsroom.kz хабарлайды. Түркістан облысында құрылысы ұзаққа созылған мектептерге жауапты мердігерлермен келісімшарт бұзылды. Олар Жетісай, Отырар және Қазығұрт аудандарында орналасқан. Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжат түзетіліп, сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, мердігер мекемені анықтап, құрылыс жұмыстары жалғасатын болады. Түркістан облысында биыл 59 мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 20,7 млрд. теңге қаржы қаралған. Жыл соңына дейін 59 мектептің 21-ін пайдалануға беру жоспарланған. Бұдан былай жұмысына жауапсыз қараған жосықсыз мердігерлермен жұмыс жалғаспайды. Олардың өз міндетін қалай орындағаны сараланып, қырағы қадағалауда болады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды осы лауазымға тағайындалғаннан кейінгі алғашқы апталық аппарат отырысын өткізіп, білім нысандарының құрылысын мұқият бақылауды тапсырды. Олардың сапасына қадағалауды күшейтуді жүктеді.
– Құрылысы кестеден қалып қойған мектептерді қайта тексеру керек. Уақытында тапсырылмай, құрылысы қысқа дейін созылатын нысандардың сапалы шығатынына күмәнім бар. Сондықтан жауапты басқарма басшылары білім ұяларының құрылыс барысын қайта қарап шықсын. Мектептерге күрделі жөндеу жұмыстары да өз мерзімінде аяқталуы тиіс. Қаржыға дер кезінде ұсыныс беру, жұмыс барысын, мердігердің жұмысын қадағалау – міндеттеріңіз. Өңірде оқушылардың алаңсыз білім алуына жағдай жасалуы қажет. Бұл бағытта жұмыс жалғаса береді, – деді облыс әкімі.
Облыс әкімі өңірдегі мектептердің құрылыс жұмыстарының мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуді, құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылауда ұстауды, кемшіліктерді жойып, білім саласына қатысты қордаланған мәселелерді шешу үшін кезең-кезеңімен іс-шаралар жоспарын бекітуді тапсырды. Басқармалар өзара кеңесіп, кейбір мәселелерді ортақ үйлестіру керек екенін атап өтті. Аталған жұмыстарға жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдерінің тікелей жауапты екені ескертті. Күрделі жөндеуден өтіп жатқан метептерге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. Құрылыстың оқу процесіне кедергі келтірмеуін ескертті. Облыста 32 мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін жалпы 4 млрд. теңгеден астам қаражат қаралған. Жыл соңына дейін олардың жартысы толық жөндеуден өтеді. Айта кетейік, Түркістан облысында жалпы орта білім беретін 910 (10 жеке меншік) ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде 97 бастауыш, 57 негізгі, 756 орта мектеп. 78 қалада, 832-ауылдық елді мекендерде орналасқан. 1) Бастауыш мектеп – Бастауыш білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны; 2) негізгі орта мектеп – бастауыш және негізгі орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны; 3) жалпы білім беретін мектеп - Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны; Мектептің негізгі міндеттері: 1) құзыретті тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау; 2) білім алушылардың тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген базистік ғылым негіздерін алуын қамтамасыз ету; 3) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру; 4) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қарсы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу; 5) Белсенді азаматтық ұстанымы бар тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру; 6) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу. Ал, Облыста 2020 жылғы наурыз айының 20 жұлдызына дейін 1447 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс жасады. Оның: 1271 балабақша (273-мемлекеттік, 998-жекеменшік), 176 мемлекеттік шағын орталық. Онда 1-6 жастағы 153296 (96,0%) бала тәрбиеленуде, оның ішінде 3-6 жастағы 119834 бала қамтылып, ол 99,8% құрады. Жалпы мектепке дейінгі ұйымдардың үлесінің 69,0 % жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар құрайды. Балабақша кезегінде 1-6 жас бала саны –8159 оның ішінде 3-6 жас аралығындағы кезектегі бала саны- 380). Облыс әкімінің 2020 жылғы 18 наурыздағы Түркістан облысының аумағында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссия отырысының №2 хаттамалық тапсырмасының 5-тармағына сай меншік нысанына карамастан (мемлекеттік, жекеменшік) мектепке дейінгі ұйымдар а.ж.20 наурызынан бастап уақытша жумыстарын тоқтатты. Мектепке дейінгі ұымдардағы қызметкерлердің еңбек жалақысы сақтала отырып, үйлерінде, өз өтініштері бойынша кезекті еңбек демалысында, тәрбиешілер (ватсап, телефон ) арқылы балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ата-ананың келісімімен тапсырмалар беріп, қашықтықтан ата-аналармен тығыз байланыста. Мекемелерде тек басшылары, шаруашылық меңгерушісі, бухгалтерлері және қарауылдары кезекшілік етуде. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі