Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 тамыз, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістанда «Ашық аспан» демалыс орны ашылда

Түркістанда «Ашық аспан» демалыс орны ашылда

Түркістанда «Ашық аспан» демалыс орны ашылда
ашық дереккөзі
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістан қаласының орталығында ұзындығы 67 метрлік бассейні бар ашық аспан астындағы демалыс орталығы ашылды, деп newsroom.kz хабарлайды. «Ашық аспан» Бекзат Саттарханов даңғылы бойындағы 11 гектар жерге жайғасқан «Желілік саябақта» орналасқан. Әсіресе жазы ұзаққа созылатын Түркістан қаласы үшін бұл нысан аса маңызды. Пандемия кезінде салынып, ашылуы кейінге қалдырылған аумақ сенімгерлік басқаруға берілді. Аталған нысан «Балалар жылында» балаларға үлкен сыйлық болды.
– Түркістанда су тапшы екенін жақсы білесіздер. Соған қарамастан, тұрғындардың демалуына мүмкіндік жасалу керек. Жақында ғана «Шаға» жағажайы ашылды. Барлық саябақтарда жасанды көлдер бар. Оған өздеріңіз куә болып жүрсіздер. Осының барлығы оңай тірлік емес. Көлдерді көбейту арқылы климатты жақсарту көзделген. Бұл жұмыстар білікті ғалымдардың атсалысуымен есептеліп жасалуда. Бүгінгі демалыс аймағы да біздің балаларымыз бен тұрғындардың бос уақыттарын қуана-қуана өткізетін орнына айналады деп үміттенеміз, – деді Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев.
Жаңа оқу жылына қарсы Түркістанда балаларға арналған бірқатар нысан ашылуда. Бұл – «Балалар жылында» балаларға жасалған тарту. Демалыс орнында инвесторлар тарапынан дәмханалар, мейрамханалар салынады. Бұл – жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Демалыс аймағында балалар мен ересектерге арналған фильтрациясы бар бассейндер мен фут-корт орналасқан. Тереңдігі 1,5 метрлік монолитті бассейні бір мезгілде 200 адамды қабылдай алады. Балалар бассейнінің тереңдігі – 80 см. Бассейн судың тұрақты тазалығын қамтамасыз ететін тазалау сүзгілерімен жабдықталған. Айта кетейік, облыста жалпы білім беретін 1007 мектеп, 22 кәсіптік-техникалық мектеп, 36 колледж, 115 мектепке дейінгі мекеме бар (2004). М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы, М.Сапарбаев атынд. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты, Қожа Ахмет Иасауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетті және бірнеше мемлекеттік емес жоғарұы оқу орындары студенттерге білім беруде. Облыста 931 мемлекеттік медицина ұйым, оның ішінде 542 фельдштік-акушерлік пункт, 131 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 60 ауылдық телімдік аурухана, 12 орталық аудандық және 5 аудандық аурухана, санспединстанция-эпидемиологиялық станция жұмыс істейді. Қарт адамдарға арнап “Ардагерлер үйі”, балаларға “Тау самалы” оқыту-сауықтыру орталық ашылған. Облыс аумағында елімізге белгілі Сарыағаш минералды суына негізделіп ашылған “Сарыағаш” шипажайы, “Арман” санаторийі, “Манкент” санаторий-профилакторийі, т.б. “Шымған”, “Денсаулық”, “Мейірім” сауықтыру орталықтары бар. 365 кітапхана, 9 музей, 6 кинотеатр, 6 театр (3 драма, 2 сазды, 1 қуыршақ), хайуанаттар саябағы, 366 мәдени-демалыс, 2865 спорт-сауықтыру мекемесі жұмыс істейді. Облыстық “Оңтүстік Қазақстан”, “Южный Казахстан”, “Жанубий Қозоғистон” газеттері қазақ, орыс, өзбек тілдерінде шығады. Облыс аумағында Ұлы Жібек жолы өткен көне қалалар (Исфиджаб, Иасы, Сауран, Отырар, т.б.) мен қорғандар болған. 802 тарихи және мәдени ескерткіш, оның ішінде 582 археологиялық, 42 тарихи, 11 монументтік өнер ескерткіштері; дүние жүзіне белгілі қасиетті Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Түркістан қаласында орналасқан. Бәйдібек ата кесенесі, Домалақ ана кесенесі, Қарабатыр кесенесі (Бәйдібек ауданы), Арыстан баб кесенесі (Отырар ауданы), Баб ата күмбезі, Қарабура әулие кесенесі (Созақ ауданы), Қарашаш ана күмбезі, Ибраһим ата күмбезі, Қажымұқан Мұңайтпасұлының кесенесі мен мұражайы (Ордабасы ауданы) бар. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі