Қытай елі туралы қызықты мәліметтер

Қытай елі туралы қызықты мәліметтер

ашық дереккөзі

Аспан асты елі әлемге жерінің көлемі мен халқы санының көптігімен ерекшеленеді. Одан бөлек қытайлықтардың бізге жат салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары жетерлік. Сонымен бүгін біз Қытай туралы қызықты деректерді жариялаймыз.  width= Бүгінгі кездегі футболымызды қытайлықтар 2500 жыл бұрын ойлап тапқан екен. Тек ол кезде бұл спорттық ойын "футбол" емес, "Цу-Чу" деп аталған екен. Және доптың орнына домалақ шар тәрізді былғарының ішіне шаш пен қауырсынды салыпты. Қытайдың жер көлемінің үлкендігіне қарамастан бүкіл мемлекетте бір уақытты көрсететін ел. Ол Пекин уақыты болып аталады. Және мемлекеттің ең батысында орналасқан Үрімші қаласында ғана бейресми екі сағаттық айырмашылық бар екен. Аспан асты елінің тағы бір ерекшелігі оларда қария адамға деген ерекше ілтипат көрсетеді. Және оған арнайы заң қабылданған. Ол заңда егер қытайлықтың 60 жастан асқан кәрі ата-анасы болса, күнде хабар алып отыруы керек. Егер тәртіп бұзған жағдайда айыппұл төлеп немесе темір торға қамалуы мүмкін. Ал егер қарттар үйіне жөнелтетін болса, онда заңға қайшы келіп, қудаланады екен. Қытайда Жаңа жыл мерекесін екі апта бойы тойланады. Ол көп мемлекеттегідей 1 қаңтардан басталмай, 21 қаңтардан 21 ақпан аралығында тойланады екен. Осылайша олар әр жылды жаңа датамен қарсы алады. Сонымен қатар Қытай елі әскерінің көптігімен айрықшаланады. Соңғы деректер бойынша, жалпы әскер саны 2 млн 183 мың адамды құрайды екен. Бұл дегеніңіз АҚШ-тың әскер санымен салыстырғанда бір миллионға артық. Халқының санының артуына байланысты елде тек қана бір баланы тууға рұқсат етілген. Соның кесірінен енді Қытай тағы бір мәселеге тап болды. Көпшілік отбасында ұл балалар өмірге келе бастағандықтан, қыз балалар саны аз. Статистика бойынша 40 млн жігіттер өздерінің екінші жартысын кезіктіре алмауда. Қытайдың құрылыс саласы қарқындап дамып кеткен. Мәлімет бойынша, аптасына бір рет биік көпқабатты нысан іске қосылып отырады. Яғни жылына 70 биік ғимарат қолданысқа беріледі екен. Әр мемлекетте адамдардың тегі қайталанып отыратыны айқын. Бір қызығы қытайлықтардың Ван, Ли және Чжань секілді тегін мемлекеттің 20 пайызы иеленген екен. Қытайлықтар "8" санын қастерлейді. Олардың пайымдауынша, ол сан бақыт әкеледі. Санның мағынасының аудармасы "гүлдену" дегенді білдіреді екен. Сондай-ақ ең қызығы, бізге жат қылық болып саналатын нәрселерге рұқсат берілген екен. Олар қоғамдық орындарында тамақтанып отырып, жергілікті тұрғындар түкіріп, құсып, кекіріп және тағы басқа да бейәдеп қылықтар істеуіне шектеу қойылмаған.

Жүктелуде...