«Біз денсаулық сақтау саласының маңызды нысандарының бірі — Шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянның Түркістан тұрғындары үшін қайырымдылық көмегі болып табылатын құрылыс алаңына капсула саламыз. Жобаны Түркістан облысы әкімдігі мен Абу-Даби Даму қорының бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Бастама Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстан Республикасы арасындағы тығыз тарихи байланыстар мен стратегиялық әріптестікті нығайтудың символы, сондай-ақ Қазақстан халқының денсаулығын нығайтуға және Түркістан қаласының инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі болып табылады», — делінген капсуладағы жазбада.[caption id="attachment_61573" align="alignnone" width="1080"] Фото: ТО әкімінің баспасөз қызметі[/caption] Түркістан қаласында заманауи перзентхана құрылысы өткен жылдың желтоқсан айындағы Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянның кездесуінде қол жеткізген келісім-шарттардан кейін жүзеге асып отыр. Абу-Дабидің мұрагер ханзадасының қолдауымен бой көтеретін жаңа перзентхананың құрылысы келер жылы аяқталады деп жоспарланған. Ғимараттың жалпы ауданы 8 мың шаршы метр, жер аумағы — 33 000 шаршы метр.
Заманауи перзентхана еуропалық үлгіде салынады.