Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
24 қазан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Еуропада соғысқан татар эскадронының соңғы командирі кім?

Еуропада соғысқан татар эскадронының соңғы командирі кім?

Еуропада соғысқан татар эскадронының соңғы командирі кім?
ашық дереккөзі
ХХ ғасырдың ортасына таман Еуропада соғысқан 1-ші татар эскадронының соңғы командирі Александр Еляшевич татар халқының ақсүйек әулеттен шыққан. Бұл туралы newsroom.kz порталы facebook.com әлеуметтік желісіндегі Fidan Ali есімді қолданушының жазбасына сүйене отырып жазады. А.Еляшевич 1912-1919 жылдары Псковтағы сосын Киевтегі кадет корпусты бітірген. Түп атасы – қазіргі Литва жерін бір замандарда билеген Ұлы Витаутас князь кезінен мекендеген тарихы терең татар әулетінен тарайды. 1923 жылы кавалериялық училищені бітірген ол сербтердің шекара қызметінде 1925 жылға дейін қызмет етеді. Сол жылы Польша Әскерінің кавалериясына қызметке тұрған ол Грудзёндзге келіп жайғасады. Араға жылдар салып, 1928 жылдың 15 тамызында Польша президенті Еляшевичті аға лауазым беріп, кіші лейтенант шеніне тағайындайды. Әскер ісі министрі осы Жарлықтан соң, біздің кейіпкерді Вильнюстағы ту ұстар 4-ші Ұлан полкына ауыстырады. Тура он жылдан соң 1938 жылы Жаңа Вилейкадағы татар эскадронына командирлікті қабылдап алады да, "Қыркүйек компаниясы" деп танылған әскери операциялардың ортасында жүреді. Осы эскадронмен ІІ Дүниежүзілік соғысқа қатысады. Бірақ нәтижесіз болып, соңында татар эскадроны тарап тынады... Немістер мүмкіндік бермейді. Нәтижесінде, румындарға өтпекші болған А.Еляшевич Ұлыбританияға ауып, соғыс жылдары сыртқы елдерде де белсенділігін төмендетпейді.  width= Соғыстан кейін Польшадағы қоғамдық-саяси өмірге белсене қатысқан А.Еляшевич 1978 жылы қайтыс болады. Варшавадағы мұсылман зиратына жерленген. Ол 76 жыл ғұмыр кешті және Еуропадағы ең соңғы татар эскадронының майоры болды...