Шымкентте полиция қызметкерлері жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әйелді тапты. Күдікті 1996 жылы туған азаматша екендігі белгілі болды, деп хабарлайды newsroom.kz. сайты Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.
Күні кеше нәрестенің денесін Шымкенттегі мейрамханалардың бірінің маңынан аула сыпырушылары тауып алған еді. Т. Рысқұлов көшесіндегі қоқыс жәшіктерін тазалау кезінде «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС-і қызметкерінен кіндігі кесілмеген жаңа туған нәрестенің мәйіті бар пакетті тапқаны туралы хабарлама түскен.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы (Жаңа туған баланы анасының өлтіруі) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Нәрестенің денесі сот -медициналық сараптамаға жіберілді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201 -бабына сәйкес тергеу құпиясын сақтау және қамтамасыз ету мақсатында басқа ақпарат жария етілмейді.