weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
18 қазан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

12 баланы өлтіріп түрмеден қашқан қылмыскерді көршілері өлтіріп тастады

12 баланы өлтіріп түрмеден қашқан қылмыскерді көршілері өлтіріп тастады

12 баланы өлтіріп түрмеден қашқан қылмыскерді көршілері өлтіріп тастады
ашық дереккөзі
Кенияда 12 баланы өлтіріп, түрмеден үйіне қашып келген қылмыскерді көршілері жазалап тастаған деп жазады nourlnews басылымына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы. Әлемдік ғылымда «линч соты» деп аталатын қылмыскерді қарсы тараптың жазалауы дамушы елдерде жиі кездесетін жайт. Бірақ он екі баланы өлтіріп, қолы қанға малынған қылмыскерді ұстап алған көршілерінің қуанышында шек болмаған. 20 жастағы Мастен Милимо Ванджала (Masten Milimo Wanjala) өз құрбандарын ұстап алып бірінші қандарын қалдырмай сорып ішкен сосын барып олардан құтылып отырған. Тіпті, кей жағдайы нашар отбасылардың балаларын 300-400 долларға сатып алып, қандарын ішіп келген. Осы қылығы үшін ол «вампир» деген лақап атқа ие болған. Бунгома қаласында қолға түскен оны жергілікті балалар танып қойған. Ашулы топ оны тығылған үйінен суырып алып жазалап тастаған.