Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
13 қазан, 2021 / NewsRoom / Медицина

Қазақстандық дәрігерлер қанша жалақы алады?

Қазақстандық дәрігерлер қанша жалақы алады?

Қазақстандық дәрігерлер қанша жалақы алады?
ашық дереккөзі

Қазақстанда 2021 жылдың басынан бастап медицина және фармацевтика саласында 12 мыңнан астам бос жұмыс орны ашылды деп жазады hh.kz сілтеме жасаған newsroom.kz порталы. Бұл өткен жылмен салыстырғанда тура 50 пайызға артық боп шығып, пандемия салдарынан дәрігерлерге сұраныстың артқандығын айқындатты. Жалпы сұраныс жалақыға да әсер етпей қоймады. Қазақстан бойынша медицина саласындағы қызметкерлердің орташа айлық мөлшері 2020 жылы 195 мың теңгені көрсетсе, ал 2021 жылы 215 мың теңгені құрады. Атап өту қажет, Қазақстанда сарапшы дәрігерлер орташадан жоғары жалақы алады. 2021 жылы олардың орташа жалақысы шамамен 342 мың теңгеге жетті. Кіші және орта медициналық қызметкерлер 155 мың теңге көлемінде табыс табады.