Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
13 қазан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Nur Otan» – бұл қонатын орын емес

«Nur Otan» – бұл қонатын орын емес

«Nur Otan» – бұл қонатын орын емес
ашық дереккөзі
Ағымдағы жылғы 11 қазанда Елордадағы «Nur Otan» Республикалық қоғамдық қабылдауында еліміздің әртүрлі қалалары мен өңірлерінен Жоғарғы сотқа шағымдарын жеткізуге көмек сұрап 23 адам келген болатын. Олар өздеріне немесе туыстарына қатысты шығарылған сот шешімдерін қайта қарау туралы өтініштерін Жоғарғы Сотқа жеткізуді көздеген. «Біз Жақып Асановтың онлайн қабылдауында болдық, онда ол біздің істеріміз қайта қаралатынын айтты. 17 қыркүйекте Біз Жоғарғы Сотқа келдік, есіктер жабулы болды, домофон орнатылған. 11 қазанда біз қайтадан Жоғарғы Сотта болдық. Тағы да есіктер жабулы, біз қақтық, бірақ ол мықтап жабулы болды. Тіпті ешкім домофон арқылы жауап берген жоқ. Ешкім бізбен сөйлескісі келмеді, біз көшеде тұрдық, тоңдық. Осыдан кейін біз соңғы үмітімізді арқалап «Nur Otan»-ға бардық. Бұл қоғамдық ұйым, ал біз, адамдар, осы қоғам мүшесіміз. Бізді сол жерде қарсы алып, әрқайсымызды жеке тыңдады, біз өтініш жаздық», – деп хабарлады топ үйлестірушісі Ботагөз Сәрсекеева. Қоғамдық қабылдау бөлмесінде келушілердің әрқайсынан өтініш қабылдап, оларды Жоғарғы сотқа жолдаған. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы азаматтарды қабылдау туралы өтініш жолдады. Алайда партиялықтар істерді қайта қарауға кепілдік бере алмайды, себебі соттардың, құқық қорғау құрылымдарының және басқа да мемлекеттік органдардың жұмысы олардың құзыретіне жатпайды. «Біз тек заңды құқықтарды қорғаймыз. Аталған сот мәселелері біздің құзыретімізде емес. Азаматтар Конституцияға сәйкес өз құқықтарын қорғауы керек. Бізге әділдік іздеп келушілерді түсінемін – олар бізге соңғы инстанция ретінде келді, бірақ бұл жағдайда біз сот шешімдеріне араласа алмайтынымызды түсіндірдік. Жоғарғы сот, құқық қорғау органдары бойынша мәселелер біздің құзыретімізге жатпайды. Партия – қоғамдық ұйым. Біз консультативтік, заң көмегін көрсетеміз, медиаторлар ретінде әрекет етеміз, мемлекеттік органдармен диалог алаңын ұсына аламыз, бірақ көтеріліп отырған мәселелермен Жоғарғы Сотқа және Бас прокуратураға бару керек», – деп түсіндірді «Nur Otan» Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің жетекшісі Әлия Садырбаева. Белгілі болғандай, партия азаматтардың өтініштерін тыңдап қана қоймай, тұрғын үй және тамақтану мәселелері бойынша да жәрдемдескен. Кейбір өзге қалалардан келген белсенділерінің баратын жері болмағандықтан, партиялықтар оларға пәтер жалдауға көмектескен. «Адамдар бізде кешкі уақытқа дейін қалды. Біз келушілерге ас, шай ұсындық. Біз оларды түнде қалдыра алмайтын және оған жол бермейтін болғандықтан, барар жері болмаған адамдарға қону үшін пәтерді жалға алуға көмектестік. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесі – түнейтін орын емес қой», - деді партия РҚҚ басшысы Әлия Садырбаева. «Бізді тамақтандырды, ыстық шай берді, тіпті біздерге пәтер жалдады. Біз сол жалдамалы пәтерлерде түнедік. Бүгін бізге тағы да шай ұйымдастырылды. Тек партия мүшелері ғана бізді назардан тыс қалдырмады. Есіктері ашық болған жалғыз орын – «Nur Otan», - деп партия РҚҚ басшысының сөзін растады Ботагөз Сәрсекеева. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесі азаматтардың мәселелерін шешу жұмыстың басым бағыты болып қала беретінін атап өтті. «Партиямыздың құндылықтары саяси тұғырнамада белгіленген. Бұл – әділеттілік, құқық үстемдігі, ынтымақтастық. Біз үшін ең бастысы – адам құқықтарының үстемдігі. Сондықтан біз әрқашан шағымдарды қабылдауға және адамдарға көмектесуге дайынбыз, бірақ заң аясында. Мәселен, осы жылдың 9 айында партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 132 700 адам жүгінген. Мәселелердің 97%-і шешімін тауып, адамдар қажетті көмек пен кеңестер алды. Қалғандары бақылауда. Біз Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын әрқашанда және барлық жерде ұстанамыз. Біздің есігіміз барлық азаматтар үшін ашық. Алайда, тек құқық қорғау және сот органдарына жүгіну керек мәселелер бар. Бұл конституциямен айқындалған», - деп сөзін түйіндеді Әлия Садырбаева. Сот және өзге де мәселелер бойынша консультациялар алу үшін Жоғарғы Сотқа Нұр-сұлтан қаласы, Д.Қонаев көшесі, 39 мекенжайы бойынша, сондай-ақ Бас Прокуратураға Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 14 мекенжайы бойынша жүгінуге болады.