Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
8 қазан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан: Келес ауданында 4 отбасы баспаналы болды

Түркістан: Келес ауданында 4 отбасы баспаналы болды

Түркістан: Келес ауданында 4 отбасы баспаналы болды
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 1 қазан – Қарттар күні мерекесі қарсаңында Келес ауданының Бірлік ауылдық округінде 4 отбасы баспаналы болды. Бұрынғы әкімдік ғимараты тұрғын үйге арналып жөндеуден өткізілді. Ол үйлердің кілті аудан әкімі, ауыл ақсақалдарының ұсынымымен ауылдық округі аумағында тұратын тұрмыс деңгейі төмен деп танылған 4 отбасыға табыс етілді, деп хабарлайды newsroom.kz.порталы.  width= Салтанатты шарада аудандық мәслихаттың хатшысы Арын Тотиков отбасыларға баспана кілттерін табыстап, жылы лебізін білдірді. Мұндай игілікті іс алдағы уақытта да жалғасатын болады. Сондай-ақ Келес ауданы әкімі атынан төрт отбасыға күнделікті тұрмыста қолданатын қажетті техникалар тарту етілді.  width= Жаңа баспананың иелері аудан басшыларына алғыстарын айтып, табыс тіледі.