Ордабасыда тәулігіне 100 мың дана кірпіш шығаратын зауыт салынуда

Ордабасыда тәулігіне 100 мың дана кірпіш шығаратын зауыт салынуда

ашық дереккөзі

Ордабасы ауданында тәулігіне 100 мың дана кірпіш шығаратын зауыт салынуда. Бадам ауылында бой көтеріп жатқан өндіріс орны қараша айында пайдалануға берілмек. 5 түрлі қалыпта құйылатын сапалы қышты биік ғимараттарға да пайдалануға болады, деп хабарлайды newsroom.kz. тілшісі ontustik арнасының жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. Өткен жылдың желтоқсан айында басталған зауыттың құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қараша айында аяқталып, толық іске қосылады деп күтілуде. Заманауи техникалық қондырығылармен жабдықталған өндіріс ошағының өңірімізде баламасы жоқ, дейді кәсіпорын басшысы. Зауыттың құрылысы «Даму» қаржылық қолдау ұйымының қолдауымен жүзеге асуда. Жеңіс Садықов – қыш зауытының директоры "Өндірістің құрылуына жалпы 3 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалмақ. Толығымен автоматтандырылған зауытта 50 адам жұмыспен қамтылады. Қазіргі уақытта зауыттың қыш кептіретін құрылғысы мен пеші жұмыс істеуге дайын. Бетондау жұмыстары қарқынды жүргізілуде,-дейді зауыттың прорабы Алпамыс Жүсіпов мырза. Айта кетейік, кәсіпорынның жобасын украиналық «Плинфа» зауыты дайындаған. Өндіріс орны пайдалануға берілгенге дейін аталмыш зауыттың жіті бақылауында болады. Шетелдік серіктес өз тарапынан білікті оператор мамандармен қамтамассыз етеді. Түрлі маркада шығатын кірпіштер сапалы әрі қолайлы бағада болатынын жеткізді салаға жауаптылар.

Жүктелуде...