Фото: islam.kz[/caption]
Кейінгі бір уақытта Оспан батырдың ауылында ешбір әскер жоқ кезде, кең алқапта қатын-бала ғана қалған кезде жау басып қалды. Сол кезде бір киізүйдің ішінен оқ борап, ешкімді ауылға жақындатпады. Сөйтсе, ауылды қорғаған осы қызы екен.
Бір рет иендегі бос қалған киізүйде осы қыз жаумен жалғыз айқасыпты. Жау киіз үйді басып қалғанда ол кері шегініп дөңнен асып кетіпті. Жау ол дөңге барып шайқасқан екен, ол тағы біраз жауды қырған соң келесі бір құм төбеге асып кетіпті. Жау ол құм төбені басып алып жеткен кезде ешқандай қыз жоқ, табылмапты. Сөйтсе, қыз ол жерге ақ түйесін соғыстан бұрын алдын-ала шөгеріп қойыпты, сол түйесіне мініп кетіп қалған екен. Осы кісі "әз апаң" деген құрметті атауға ие болған, сарбас руының ру басысы болып табылатын Буратай тәйжінің ұлы Кәбенге тұрмысқа шыққан. 1992жылы қайтыс болды. Орта бойлы, көзі шүңірек келген, жанары шоқтай қызарған адам. 1951жылы Оспан батырдың қалай ұсталғанын білесіз бе?
Жаулар Тибеттің қақпасы болып саналатын, Гансу өлкесінің Ақсай ауданындағы Қайыз көлінің жағасында, Оспан батыр 1700 қаралы адамымен қонып отырған кезде, тұтқиыл келген қалың жау басып қалғанда, Оспан ақбоз атына мініп қашып құтылып кеткен. Бірақ, батыр қызының жау қолында қалып бара жатқанын көріп қайта кері бұрылғанда, жау қаптап кеткен. Оспан қызын алып ап қайта қашқанда, қызын қашып келе жатып бір көмескі жыраға тастап тығып кеткен де, өзі жауға көз болып қаша берген. Сол кезде Қайыз көлінің бетіне қатқан мұзға жайпақ тағалы аты тайып жығылғанда, жау келіп басып қалған. Сол кезде емшек тағамен емес, жайпақ тағамен жүрудің себебі көлдің айналасы құм болғандықтан, тағасы жайпақ таға болған екен. Оспан үш-төрт әскерді өлтіріп барып ұсталады. Оспан ол кезде 52 жаста. Екі айдан кейін Үрімжіде 80 мың халықтың алдында атылды.
[caption id="attachment_60972" align="aligncenter" width="448"]
Фото: abai.kz[/caption] (19 ақпан Оспан батыр Сіләмұлының қолға түскен күні)
Ұлдары осы қоршауды бұзып шығып, қашып отырып Алтайға келеді. Оспан батырдың ұлы Шердиман жаңа қол жинап, Құбы құмында қызыл қытайдың 5 мың әскерін қоршап жояды. Шердиман қытаймен 2 жыл соғысып, 1953жылы Оспан батырдың сүйегін қайтарып алады. Қазақтардан 30 адам мәнсап алып, өздерін өз адамы басқаратын болып келісімге отырып, соғыс тоқтатылады. Гансу өлкесі мен Құмыл, Еренқабырға аймақтарында шашырап кеткен Оспан батырдың соғысына қатысқан ел келісім бойынша Алтайға көптеп көшіп келеді. Сол кезде менің атам Шәмшәріп Бабақұмарұлы Құмыл аймағының Баркөл ауданы жерінен, нағашы атам Қабдолла Мыңғытбайұлы Еренқабырға аймағының Мори ауданының жерінен Алтайға қайта оралады……………
Көкбөрі Мүбарак Қизатұлы
P.S. Аталмыш жазба фейсбук әлеуметтік желісіндегі QAZAQ ELI тобынан алынды