Ол Мыcырғa бaрғaн сaпaрындa Қaзaқcтaнғa бөлiнeтiн бiлiм грaнтын 2 ece өсіру турaлы ұсыныс aйтқaнын, әл-Aзhaр унивeрcитeтi бұл ұсынысты қaбылдaғaнын жeткізді. Оның пікіріншe, діни білім aлғысы кeлeтіндeр үшін мaңызды.[caption id="attachment_60922" align="alignnone" width="1280"]

Бүгінде қазақстандық имамдар Мысыр, Түркия сынды елдерде білімін жетілдіріп жатыр. Бұл – өте маңызды. Себебі, олардың білімін шыңдау заман талабы. Имам – мұсылманның бірінші ұстазы. Сондықтан ол үнемі ізденісте болуы керек. Имам намызбен оқумен шектеліп қана қоймай, мешіттегі жамағатпен сөйлесіп, оларды терең түсіне білуі шарт. «Әлемді өзгерткің келсе, алдымен өзің қозғал» деп шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби бекер айтпаса керек.Имам адам бойындағы сана серпілісі мен болмыс өзгеруінің басты ұйытқысы болуы шарт. Сонда ғана ол білімімен көпшілікке үлгі болып, халық алындағы абырой-беделі артады. Айта кетейік, елде 2600-ден аса мешіт бар. Онда 6 мыңнан аса адам еңбек етіп жүр. Оның 4000 жуығы діни қызметкер болып саналады.
Асқар ЕРМЕКОВ