Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
4 қазан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Заңгер А. Тәшенова: «Ж.Мамай сот жүйесін дәлелсіз түрде қорлауда»

Заңгер А. Тәшенова: "Ж.Мамай сот жүйесін дәлелсіз түрде қорлауда"

Заңгер А. Тәшенова: «Ж.Мамай сот жүйесін дәлелсіз түрде қорлауда»
ашық дереккөзі
Жеке сот орындаушысы Қазақстандағы тіркелмеген демократиялық партиясының көшбасшысы Жанболат Мамайдан Алматы бюджетіне 150 мың теңгеден астам қаражат өсімақы өндіріп алуды талап етуде. Іс Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 сотында қаралуда. Өсімақы басқа іс бойынша – Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің талап-арызы бойынша шешімді орындамағаны үшін талап етіліп отыр. Маусым айында сот Мамай мен Иманбаева Байбектің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратқан деп шешім шығарған. Жауапкерлер 870 мың теңгеден астам сот шығындарын төлеуге, даудың себебі болған материалдарды жоюға және теріске шығаруды жариялауға міндеттелді. Ақша мәжбүрлі түрде өндіріп алынып, аутизмі бар балаларға көмекке жіберілген болса, сот шешімі қалған бөлігі, яғни жауапкерлер жариялаған материалдарын жою мен теріске шығарудан жалтаруда. Мамай мен Иманбаева сот шешімін көпшілік алдында орындаудан бас тартып қана қоймай, Байбекті жалған айыптауларын жалғастыруда. Б.Байбектің  заңгері Айжан Тәшенованың айтуынша, 15 маусымнан бастап, олар әлеуметтік желілерде тағы 9 жала жапқан бейнеролик жариялаған. «Мәселен, мұның бәрі теріске шығарылғанына қарамастан Мамай Бауыржан Байбек Алматы әкімі болған кезеңде автобус сатып алу кезінде миллиондарды ұрлады-мыс деп тағы да мәлімдеуде», - деп мәлімдеді ол процесс барысында. Сонымен қатар, Тәшенованың айтуынша бұл жұп «өз сөздерінде бүкіл сот жүйесін әдейі және бірнеше рет, сондай-ақ мүлдем дәлелсіз түрде қорлады» - дейді. Осыған байланысты заңгер соттан жеке сот орындаушысының ұсынысын қолдауды және Жанболат Мамайдан 157 518 теңге өндіріп алуды сұрады.