Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
4 қазан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Әдеби мүшайраларға кім қатысады? Белорусия жазушылар одағын жауып тастапты!

Әдеби мүшайраларға кім қатысады? Белорусия жазушылар одағын жауып тастапты!

Әдеби мүшайраларға кім қатысады? Белорусия жазушылар одағын жауып тастапты!
ашық дереккөзі
Белорусия Жоғары сотының шешімімен «Жазушылар Одағы» ҚБ жауып тастаған. Бұл туралы аталмыш ұйымның телеграм каналына сілтеме жасаған lenta.ru жазды деп хабарлайды newsroom.kz порталы. Ақпаратқа сүйенсек, Одақты жабуға 2020 жылдың жазында сотқа шағым түсірген елдің әділет министрлігінің талабы қанағаттандырылған. «Беларусь жазушылар одағы» ұйымы 1943 жылы құрылған. Елдің ең көне шығармашылық ұйымындай болған оның құрамында әр жылдары Янка Купала, Якуб Колас, Максим Танк, Нил Гилевич, Рыгор Бородулин, Иван Шамякин, Иван Мележ және Кондрат Крапива секілді танымал ақын-жазушылар мүше болған. Осы жылдың жазында Белорусияның 11 сыныптағы орыс әдебиетін пәнінен Алексиевичтің, Владимира Набоков пен Александра Солженицынның шығармалары алынып тасталған. Бүгінгі таңда Белорусияның Жазушылар Одағында 450-ге жуық адам мүше. Олардың қатарында Нобель сыйлығын алған Светлана Алексиевич те бар.