YouTube әлеуметтік желісіндегі @idamange парақшасының иегері әрі жүргізушісі Ивонн Идаманже 15 жылға сотталды. Бұл туралы @africanists телеграм каналына сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі жазады.
Шулы оқиға Африканың Руанда мемлекетінде болған. 18 900 оқырманы Ивон өз каналын осы жылдың 31 қаңтар күні ғана тіркеген. Сол уақыттан бері оның каналы 944 178 рет қаралған.
Ел президенті Кагаме мен оның үкіметін сынаған және одан бөлек 1994 жылғы туту мен хутси халқының арасында болған геноцид тақырыбы да көтерілген каналды орта есеппен 50 мың мен 100 мың аралығындағы көрермен көрген.
[caption id="attachment_60595" align="alignnone" width="650"]
Фото: t.me/africanists[/caption]
Айыпталушы 4 баланың анасы болғанына қарамастан 15 жылға сотталып, 2000 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынған. Айыптаушы тарап 30 жыл мен 6000 АҚШ доллары шамасында айыппұл салуды сұраған. 1994 жылғы геноцид куәгері болған блогер осы жылдың ақпан айында қамауға алынған.
Бұл Руандадағы соңғы жылдардағы ең ірі екінші сот ісі. Осының алдында ғана «Отель Руанда» көркем фильмінің бас кейіпкері Пол Русесабаджина «терроризм» айыбымен 25 жылға сотталған.