Түркістан облысының ескекшілері 21 алтын медаль иеленді
Түркістан облысының ескекшілері 21 алтын медаль иеленді
ашық дереккөзі
Алматы облысының Бірінші мамыр тоғанында байдарка мен каноэда есуден Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Байрақты бәсекеде 2003-2004 жылы туылған жастар мен 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер бақтарын сынады. Жарысқа еліміздің 12 аймағынан, 148 спортшы қатысқан, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы.
Тартысты өткен ескекшілер сайысында Түркістан облысының саңлақтары жоғары нәтижеге қол жеткізді. Олар елшілік чемпионатта 21 алтын, 10 күміс, 14 қола медальді олжалап, жалпы командалық есепте жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді. Ал, 9 алтын медаль еншілеген Шығыс Қазақстан облысы екінші орынды иеленсе, Жезқазғанның спортшылары 8 алтын алқаны олжалап, үштікті қорытындылады.
Түркістан облысының байдарка мен каноэда есу құрама командасы 2021 жылдың жарыс маусымын сәтті аяқтады. Осындай биік белестерді бағындырған шәкірттер – Түркістан облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары. Олар маусым барысында 45 жүлдеге ие болды