Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдерінің ХХІІІ қалалық фестивалі болып өтті, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 6-ы мен 28-і аралығында басқарма тіл фестивалі аясында бірнеше іс-шара ұйымдастырды.
Атап айтар болсақ, «Тілім менің – бірлігімнің айнасы» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, «Астана» радиосының тікелей эфирінде мемлекеттік тіл мен ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған танымдық радиовикторина ұйымдастырылды. Онда қазақ зиялыларының тіл туралы айтқан қанатты сөздері әлеуметтік желілерде талқыланып, арнайы бейнероликтер түсірілген. Баспасөздегі қисынсыз аударма мен калька, ақпаратты мемлекеттік тілде тарату мәселелері мен SMM негіздері, қазақша таргет жасау сияқты қоғамның бүгінгі сұранысына сай тақырыптарда тренингтер өтті. Мұндағы негізгі мақсат – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, жастар арасында насихат жүргізу, халыққа қызмет көрсететін салаларда мемлекеттік тілдің мәртебесін өсіру және мемлекеттік тіл арқылы елді сүюге шақыру.
Іс шараға қазылар алқасының құрамына актер,
театр режиссері,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұзақов Болат Қасымжанұлы төрағалық етті. Ал қазылар алқасының мүшелері - ақын, журналист,
филология ғылымдарының кандидаты, Лев Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінің доценті Тұржан Оңайгүл Ізтұрғанқызы және Қазақ радиосының дикторы, радиожурналист Мұхамедәлі Болатұлы жеңімпаздарды анықтады.
Бас жүлде қарағандылық Ақгүл Айдарбекқызына бұйырды. Ал бірінші, екінші, үшінші орынды Нұр-Сұлтандық Әнел Жақан, Ардақ Сатбаев, Амангүл Ермекқызы иемденді. Қазақстан халқы тілдерінің ХХІІІ қалалық фестивалі аясында өткен іс-шараның жеңімпаздарына арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар Маңғыстаудан келген Гүлсім Бегжанова, Көкшетаудан Тәтті Қайролла, Нұр-Сұлтан қаласының атынан қатысқан Жанжігіт Омархан, Айсұлтан Басықара, Бекзат Құлшар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Жиын соңында Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп барлық қатысушыларды құттықтап, өз алғысын жеткізді.